БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 73 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 3 мамырдағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлім етті.
Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 250, Алматы қаласы – 658, Шымкент қаласы – 65, Ақмола облысы – 137, Ақтөбе облысы – 27, Алматы облысы – 180, Атырау облысы – 44, Шығыс Қазақстан облысы – 77, Жамбыл облысы – 58, Батыс Қазақстан облысы – 73, Қарағанды облысы – 240, Қостанай облысы – 26, Қызылорда облысы – 73, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 125, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 34.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 330 071 жетті.
⠀
Қазақстанда 1366 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
⠀
Нұр-Сұлтан қаласында – 329,
Алматы қаласында – 181,
Шымкент қаласында – 6,
Ақмола облысында – 37,
Ақтөбе облысында – 123
Алматы облысында – 70,
Атырау облысында – 138,
Шығыс Қазақстан облысында – 65,
Жамбыл облысында – 15,
Батыс Қазақстан облысында – 26,
Қарағанды облысында – 214,
Қостанай облысында – 5
Қызылорда облысында – 38,
Маңғыстау облысында – 5,
Павлодар облысында – 41,
Солтүстік Қазақстан облысында – 34,
Түркістан облысында – 38.
⠀
Елімізде барлығы 281 708 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
⠀
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 4 мамырдағы ақпарат
⠀
4 мамырдағы мәлімет бойынша, 45 012 адам коронавирус инфекциясынан (44 601 КВИ+ және 411 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 517 пациент стационарда, 29 495 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
⠀
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 770 адамның жағдайы ауыр,
• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 130 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
⠀
2021 жылғы 2 мамырдағы мәлімет бойынша 10 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 50 адам жазылып шыққан.
⠀
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 53 093, өлім жағдайлары – 812, барлығы 51 870 адам сауығып шықты.
Пікір үстеу