1 МАМЫРДА 7 ОРЫНҒА БЛОКБЕКЕТ ҚОЙЫЛАДЫ
Өңірде 1 мамырдан бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі. Ауру таралу көрсеткіші бойынша қызыл аймақтарға, яғни Орал қаласы, сондай-ақ Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Қазталов, Теректі және Шыңғырлау аудандарына кіреберіске, барлығы 7 орынға блокбекет орнатылады.

Блокбекеттерден халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, медициналық ұйымдарда ем алушылар, жүк тасымалдаушылар және транзиттік жолаушылар, вахта әдісімен жұмыс жасайтындар және оларды тасымалдайтын көліктер кедергісіз өте алады. Сол секілді көктемгі далалық жұмыстармен шұғылданушылар да бұл санатқа кіреді. Барлық бағыттағы жүк тасымалымен, шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін құрал-жабдық, материалдармен айналысатын адамдар анықтамасы болған жағдайда блокбекеттерден өтеді. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, ауру көрсеткіші төмендеп, жағдай түзелер болса, бір апта ішінде бекеттерді алып тастау мәселесі қайта қозғалатын болады.
– Эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Блокбекеттерді қоюдағы негізгі мақсат – ауру таралған аудандармен байланысты үзу. Осылайша, жағдай тұрақтанғанша, қатынасты шектеу. Негізінен індеттің инкубациялық мерзімі 14 күн болуы себепті жағдай бақылауда болады. Сондықтан блокбекеттерді алып тастау мерзімі әлі белгісіз, – деді БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы.
Оған қоса облыс көлемінде «Ashyg» жобасы енгізіледі.Соған сәйкес БҚО кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысуға өтінімдерді қарау үшін және қатысушылардың тізімін әкімдікке жібереді. Жобаға қатысушылар арасында бұзушылықтың алдын алу және кәсіпкерлік нысандары арасында «Ashyg» қосымшасын қолдану, енгізу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жасы 65-тен асқандарға аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерлерінен кетпеуге кеңес беріледі. Ал жолаушылар әуежай мен темір жол вокзалына билетті көрсеткенде ғана жіберіледі. Блокбекеттер қаламен аудан шекарасына қойылып, тәртіп сақшылары мен дәрігерлер ауысым бойынша қызметке тартылады.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу