8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2021 3061 0
Өзек

ӘДІЛ ӘРІ ШЫНШЫЛ АЗАМАТ ЕДІ

Бүгін, 74 жасқа қараған шағында Ақ Жайық өңірінің азаматы, «Ақас» агрофирмасының жетекшісі, «Ақас»  ЖШС-ның құрылтайшысы, 5, 6, 7-ші шақырылымдағы БҚО мәслихатының депутаты Қатауолла Мерәліұлы Ашығалиев қайтыс болды.

Ол – әділ әрі шыншыл азамат болатын. Облыстық мәслихаттың әрбір жиынында шырылдаған шындықты айтып, мінберге шығатын. Өзі секілді депутаттарға және баяндамашыларға орынды сауал жолдайтын. Өлкенің экономикасына, ауылшаруашылығына, әлеуметіне жаны ашып отыратын. Әсіресе, мал шаруашылығы, ауызсу тағы басқа мәселелерді көтеретін.

Қатауолла Ашығалиев 1948 жылы 26 ақпанда дүниеге келді. Өз еңбек жолын өте ерте  бастаған Қатауолла Мерәлі ұлы Кеңес Одағы қатарына  дейін шопан, слесарь, жүргізуші болып еңбек етті. 1970-75  жылдары Саратов политехникалық институтының автомобиль көлігін пайдалану жөніндегі инженер мамандығын алып шықты. 2003 жылы диссертация қорғап, экономика ғылымдарының  кандидаты дәрежесін алды.

Өз ісінің шебері Қ.Ашығалиев 1975-77 жылдары автокөлік кәсіпорындарында инженер, бөлім бастығы, директордың орынбасары болса, 1977-85 жылдары Чапай автокөлік кәсіпорнының бастығы, облыстық басқармасы бастығының орынбасары болып таағйындалды.

«Қайта құрудың» өте қиын жылдары еңбекқорлығы, ұйымдастырушылық қабілеті  арқасында қалалық атқару комитетінің төраға орынбасары қызметінен қала әкімшілігі басшысы лауазымына көтерілді.

1995 жылы «Ақас» агрохолдингін ұйымдастырды. Мал шаруашылығы, құс өсіру, өсімдік шаруашылығымен айналысатын, 400-ден аса адамды еңбекпен қамтыған қазіргі заманғы жоғары технологиялы ұжымдардың біріне айналдырды.

Қатауолла Ашығалиев – республикалық «Онжылдықтың үздік кәсіпкері» байқауының жеңімпазы, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталып, «Ауыл шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қызметі» атағын иеленген майталман.

Өз өмір жолында әділдігімен, турашылдығымен ел есінде қалған атпал азаматтың отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

«Жайық үні» ЖШС газетінің редакция ұжымы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
97 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
73 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»