8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2021 2229 0
Өзек

БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН АЗАМАТТЫ ҚҰТҚАРДЫ

 Оқиға 19 сәуір күні шамамен сағат 15.00-де болған. Орал қаласындағы 2-база ауданындағы көпірден  ер адамның секіріп кетпек болып тұрғанын сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілер хабарлаған.

Белгісіз азамат автоөткелдің  қоршауынан шығып, төменге  секіріп кететінін айтқан. Оқиға орнына  полицейлер мен құтқарушылар жетті.  БҚО Полиция депатаменті  баспасөз қызметнің мәліметінше, БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин ер адамды бұл қадамға бару  райынан  қайтарып, құтқарып қалды.

Ол полиция қызметкерлерінің қудалауынан кейін көпірден секірмек болғанын жеткізген. Алайда, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Ер адамды медициналық куәландыруға алып кетті. Ол мас күйінде болған.

Учаскелік полиция инспекторының мәліметіне сәйкес ер адам бұдан бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны және автокөлік руліне мас күйінде отырғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
106 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
290 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»