СОТТАЛҒАНДАРДАН 8 ПЫШАҚ ПЕН 17 ТЕЛЕФОН ТӘРКІЛЕНДІ
БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/3 мекемесінде тергеу изоляторларында қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында жоспарлы іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Қауіпсіздігі жоғары мекемеде қадағалаушы прокурордың қатысуымен жоспарлы тінту жүргізілді, тінтуді Ұлттық ұлан мен мекеменің жеке құрамы жүргізді. ҚАЖД бастығының орынбасары – әділет полковнигі Нияз Рыспаев осы іс-шараның заңдылығын және сотталушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында барлық жасалған іс-әрекеттерді бейнежазба арқылы қамтамасыз етілгенін атап өтті.
– Сотталғандардың конституциялық құқықтарын бұзу, олардың жеке заттарына және мүліктеріне зиян келтіру фактілерін болдырмау мақсатында барлық іздестіру шаралары бейнежазбаға түсірілді. Тінту барысында 17 мобильді байланыс құралы, 17 зарядтағыш, 12 сим-карта, 3 флеш-карта және 8 тесу және кесу заттары (қайрау, пышақ және т.б.) табылды. Бұл заттардың қолданылуы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Тыйым салынған заттардың көп бөлігі LORNET және «Шмель- B2» арнайы жабдықтарының арқасында алынды. Бұдан бөлек сотталушыларға тыйым салынған заттардың ену каналдарын бұғаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жүргізілуде. Заттарды мекеменің негізгі қоршауынан өткізу фактілері, сондай-ақ оларды жасырын жеткізу фактілері кездеседі. Мәселен, бір ай бұрын жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі 8 ұялы телефонды мекемеге жасырын түрде кіргізбек болды, – деді Нияз Рыспаев.
Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі жедел-іздестіру шараларынан кейін сотталушылардан мекеме әкімшілігі қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы шағым түспегенін хабарлады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу