ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕРДІГЕРЛЕР ЖЕРГІЛІКТІ ӨҢІРДЕ ТІРКЕЛУІ ТИІС
Өткен жылы БҚО аумағында қызметтерін жүзеге асырып, бірақ облыста тіркелмеген 82 компания анықталған. Биыл да өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде жеңімпаз-мердігерлердің кейбірі өзге өңірдерден екені белгілі болып отыр. Бұл ретте облыс салық бойынша 4 млрд. теңгедей түсімнен қағылады. Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында ол компаниялардың өңірімізде тіркелуі бойынша келіссөздер жүргізу қажеттігі тапсырылды.
2020 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын, бірақ тіркелмеген 82 компания анықталған. Жүргізілген келіссөздер арқылы төртеуі ғана тіркелді. 10 компания облыс аумағында филиалдарын ашты. БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Т.Қаюповтың мәліметінше, 2020 жылдан бастап 2021 жылға ауыспалы сомасы 33,5 млрд. теңгені құрайтын 61 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 19 жоба бойынша жалпы сомасы 22 млрд. теңге облыста тіркелмеген 17 мердігер бар. Бұл ретте облыс бюджетінің салықтар бойынша шығыны 2,7 млрд. теңгені құрады.
Ал биыл 121 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда. 81 жобаның мердігері анықталды. Соның ішінде 38 жобаның мердігері ретінде анықталған 20 компания облыста тіркелмеген. Жалпы сомасы 10 млрд. теңгені құрайды. Бұл жағдайда да облыс салық бойынша 1,1 млрд. теңге шығынға қалып отыр.
Бұдан бөлек республикалық маңызға ие автожолдарда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы құны 56,9 млрд. теңге болатын жобалар іске асуда. Оның ішінде 20 млрд. теңге – биылға бөлініп отыр. Бұл жобаларда да тіркелмеген компаниялар жұмыс жасауда.
– Орал қаласы және аудандарда 2020 жылы 22 млрд. теңге қаражат бойынша, 2021 жылы 9,8 млрд. теңге қаражат бойынша жобалардың конкурсында біздің облыста тіркелмеген компаниялар жеңімпаз атанған. Яғни күні бүгінге 4,3 млрд. теңге қаражат біздің облысқа түспейтіні анықталды, – деді БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Қаюпов.
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Жанболат Тілеулестің айтуынша, өткен жылы басқа облыстардан 80 салық төлеуші Батыс Қазақстан облысына тіркелген.
– Олар 7,1 млн. теңге ақша төледі, соның ішінде 217 млн. жергілікті бюджетке түсті. Бүгінгі күні бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде басқа облыста тіркеліп, бірақ осы жерде жұмыс жасап жатқан 1291 заңды тұлға анықталды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 12 салық төлеуші анықталды. Олар Орал қаласы, Бәйтерек, Сырым, Қазталов, Шыңғырлау аудандары бойынша 1000-нан астам адамды жұмысқа тартқан. Алайда салықтар басқа облыстарға түсуде, – деді Ж.Тілеулес.
Сондай-ақ басқа облыстарда тіркеленімен, өңірімізде инвестициялық жобаларды басқарған 28 салық төлеуші анықталған.
Аудан бойынша анықтау және тіркеу бойынша жұмыс мардымсыз. Салық заңнамасында мердігерлердің бас компанияның шешімі бойынша жұмысты атқарып отырған жергілікті жерге тіркелу нормасы туралы көрсетілген. Сондықтан келіссөздердің жүргізілуі маңызды.
– Бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді. Жеңімпаздар анықталды. Соның ішінде кейбір мердігерлер басқа аймақтардан екені белгілі болып отыр. Ол компаниялар біздің өңірде тіркелмейтін болса, онда облыс 4,3 млрд. теңгедей ала алмайтын болады. Сондықтан компаниялардың тіркелуі бойынша келіссөздердің жүргізілуі маңызды. ҚПО б.в қосалқы мердігерлері, ұлттық компаниялар филиалдары және бюджеттік жобаларды игеретін мердігерлер облыста тіркелуі керек, – деген БҚО әкімі Ғали Есқалиев орынбасарлары мен қала, аудан әкімдеріне бұл жұмысты 1 ай ішінде жүргізу қажеттігін тапсырды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу