8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2021 2054 0
Қалалықтар қаперіне

МАМЫР МЕРЕКЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ОНЛАЙН ӨТЕДІ

         Мамыр айындағы мерекелердің  атап өтілуі бүгін, 19  сәуір күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында таныстырылды.

– Соғыс және еңбек ардагерлері үшін мерекелерді елеусіз қалдыруға болмайды. Дегенмен, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ардагерлердің үйіне бармау қажет.  Десе де, әрқайсысына құттықтаулар, сый-сыяпаттар волонтерлар арқылы жолданады,  – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.

БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Дауымовтың мәліметінше, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні  мерекелеріне арналған шаралардың  басым бөлігі онлайн форматта өтеді.

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі бойынша облыстық іс-шаралар жоспарына барлығы 207 шара енгізілген. Оның 76-сы офлайн, 131-і онлайн форматта өткізіледі. Іс-шаралар 15 сәуір мен 4 мамыр аралығын қамтиды. 60 шара облыс орталығында қалғандары аудандарда ұйымдастырылады.

Оның ішінде «Татулығымыз бір шаңырақ астында» атты ғылыми конференция , «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты орыс халық аспаптары оркестрінің концерті сынды шаралар  «Қазақ елі – достық бесігі» атты мерекелік концерт, Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының түрлі ұлттардың және облыстық филармония әртістерінің қатысуымен концерттер онлайн форматта өткізіледі. 1мамырда этномәдени бірлестіктердің «Ағаш отырғызу» акциясы, этномәдени бірлестіктердің «30 игі іс» аясындағы қайырымдылық керуені ұйымдастырылады. Сонымен қатар осы күні сағат 11.00-де қала тұрғындарының қатысуымен мәдениет және демалыс саябағынан Тұңғыш Президент алаңына дейінмерекелік велошеру өтеді. Сондай-ақ Жастар мәдениет үйінде «Береке басы-достық» атты мерекелік концерт, әлеуметтік желілерде ұлттық тағам, ұлттық киім көрмелері, ойын-сауық бағдарламалары, викториналық сұрақтар, қол-өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері өткізіледі.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай  облыстық іс-шаралар жоспарына барлығы 175 шара енгізілген. Оның 54-і офлайн, 121-і онлайн форматта өткізіледі. Іс-шаралар 21 сәуір мен 9 мамыр аралығын қамтиды. 48 шара облыс орталығында қалғандары аудандарда ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, 2 мамыр күні Орал қаласының 5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушы сарбаздардың бір күндік өмірін жастарға көрсету мақсатында экскурсия, 5 мамыр күні Жастар шығармашылығы орталығында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлікке бастар асқақ ән» атты патриоттық ән байқауы өткізіледі. Осы күні облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде студенттер арасында облыстық «Отан қорғаушы – 2021» әскери-патриоттық ойын ұйымдастырылады. 5-6 мамыр күндері Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында төрт кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны – 2021» облыстық байқауы өткізіледі. Ал  7 мамыр күні «Жастар» стадионында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу кезеңі ұйымдастырылады және Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрда «Мәншүк» драмасы, А.Н.Островский атындағы драма театрда «Рядовые» драмалық балладасы қойылады.  8-9 мамыр күндері тоғай (перевалочная роща) ішінде Отан қорғаушылар күніне арналған кросс-кантри веложарысы өткізіледі.

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай  277 шара жоспарланған. Оның 78-і офлайн, 199-ы онлайн форматта өткізіледі. Іс-шаралар 10 сәуірден бастау алды, 19 мамырға дейін жалғаспақ.  80 шара облыс орталығында қалғандары аудандарда ұйымдастырылады.

Осы орайда «Ұрпақ тағзымы» атты патриоттық акция аясында облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде ҰОС батырлары мен ардагерлерінің есімдері берілген көшелерге, ҰОС байланысты ескерткіштерге тазалық, әрлеу жұмыстары ұйымдастырылады. Волонтерлер ардагерлердің үйіне барып аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштар отырғызады.

5-8 мамыр күндері аралығында Жеңіс күніне орай шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында мұз спорты сарайында «Жеңіс кубогі» өткізіледі. 6 мамыр күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты көрме, әлеуметтік желілерде «Ұлы Жеңістің Ұлы есімдері» тақырыбымен конференция-телекөпір ұйымдастырылады.

8 мамыр күні Гагарин атындағы кинотеатрда еңбек ардагері Меруерт Жолдықайыроваға арналған «Жеңіс жаңғырығы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтеді.

9 мамыр күні «Жеңіс» алаңындағы «Мәңгілік алауға» және «Бауырластар зираты», «Қазақ халқының даңқты қыздары»  Г.Жуков, Т.Масин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сондай-ақ, осы күні «День Победы» әнін балконнан орындау флешмобы өтетін болады. Соғыс ардагерлерінің мекенжайларында  соғыс кезіндегі әндерден балкон алдында концерт қойылады. Мәдениет және демалыс саябағында «Солдат ботқасы» театрландырылған концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.

10-12 мамыр күндері А.Әйтиев көшесінде орналасқан спорт залда Каратэ-до (WKF) спортынан М.Мәметованы еске алуға арналған «Akzhaik Open» республикалық турнирі өткізіледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
230 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
323 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
324 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
369 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
378 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
753 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
879 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
913 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1187 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1196 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1326 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1624 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1722 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1747 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1956 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2231 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»