ОРАЛДА ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІ ЖАБЫЛЫП ЖАТЫР
Батыс Қазақстан облысында жанармай дағдарысы әлі реттелген жоқ. Бүгінде өңірдегі жекелеген май құю бекеттері бензин сатуды мүлдем тоқтатқан. Ал облыстың шалғай аудандарында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 200 теңгеге жетті.

Қазір қалада жұмысын тоқтатқан жанармай бекеттерінің саны көбейген. Бензинді ірі стансалар ғана сатып жатыр. Сатушылар азайған соң, баға да қымбаттапты. АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160-175 теңге аралығында. Ал облыстң шалғай аудандарында, литрі 200 теңгеге бір-ақ жеткен. Өңірге қажетті жанармай осыған дейін көршілес Атырау мен Ресейден жеткізілетін. Көрші облыстағы зауыт жөндеу жұмыстарына жабылғасын, бензиннің азайғанын жергілікті шенеуніктер де мойындайды.
– Энергетика министрлігінің хабарлауы бойынша, Атыраудағы зауыт 24-сәуірде жұмыстарын бітіреді екен. Қазіргі уақытта өнім Шымкент зауытынан әкелінуде. Бұл бағаның қымбаттауына әкеліп отыр. Қаладада, ауылдада жабылып жатқан АЗС –тар бар. Олар сататын тауар болмаған соң уақытша жұмыстарын тоқтатып отыр,– деді БҚО ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Бейімбет Мусин.
Сала өкілдері Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты іске қосылғасын, жағдай реттелер деген үмітте. Бірақ бензин тасымалы қайтадан жолға қойылғанша да біраз уақыт қажет. Әрі бағаның қалай құбыларын ешқайсысы тап басып айта алар емес.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу