8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2021 1738 0
Өзек

«ТАУАР ТАСЫМАЛДАУШЫ» ДҮКЕНШІНІ АЛДАП КЕТТІ

 Алаяққа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.  

10 сәуірде, сағат 17.37 шамасында белгісіз тұлға Орал қаласы, Құрманғазы көшесіндегі бір дүкенге кіріп, өзін «тауар тасымалдаушы қызметкер» ретінде таныстырған. Дүкен иесінің сеніміне кіріп, тапсырыс берген тауарларыңызды жеткізіп беремін деп алдап, «Каспии Голд» қосымшасы арқылы 20 мың теңгеге жуық ақшаны өзінің есепшотына аударып алған. Ақшасынан қағылып, тауары да келмеген 1964 жылғы Р.есімді азаматша полицияға шағымданды.

Алаяқтық тіркелген оқиға орынына барған Абай Пб қызметкерлері күдіктінің ізіне түсті. Қырағы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары негізінде 1993 жылғы Р. есімді Атырау қаласының тұрғынын құрықтады. Күдікті алаяқттыққа жол бергенін мойындап отыр.

Бүгінгі күні гастролер Орал қаласы Полиция басқармасының  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Абай Полиция бөлімі алаяқтық фактісін тіркеп, тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында 387 алаяқтық фактісі тіркелді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
106 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
290 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»