8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2021 3506 0
Жалын

ОРАЛДА ҚОҒАМДЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛДЫ

Оралда  «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театры  құрылды. Жаңа театр Орал қалалық Жастар мәдениет үйі жанынан ашылуда. Қазіргі уақытта жаңа құрам алғашқы қойылымға дайындық жүргізуде.  

Салатанат сарайында өткен брифингте Жастар мәдениет үйінің директоры Медет Мерғалиев жаңа театрдың құрылу мақсатын таныстырып, қоғамдық жастар театрынан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Жаңа театрға кастинг негізінде қызығушылық танытқан өңір жастары, болашақ актерлар қабылданған.

Театрдың алғашқы қойылымы – Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы желісімен әзірленген трагедиялық спектакль болмақ. Қоюшы режиссеры – Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев.

Брифингте Жасқайрат Валиуллиев спектакльге  дайындық барысы және кейіпкерлер жөнінде сөз қозғады. Сахналанатын қойылымның мақсаты, оның берер ойы жөнінде де айтып өтті. Сондай-ақ, «Ғасырдан да ұзақ күн»  романы желісі бойынша қазіргі заманның өмірімен ұштастырылып,  жаңа стильде көрермен назарына ұсынылатынын жеткізді

Театрдың  алғашқы қойылымы 23 сәуірге жоспарланып отыр.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
122 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»