«НЕФТЕБАЗА» АУДАНЫНДАҒЫ КӨПІР АШЫЛДЫ
Бүгін, 2 тамыз күні Оралда «Нефтебаза» ауданындағы қайтадан салынған жол өткелі пайдалануға берілді. «Омега көпірі» аталып кеткен бұл өткелді қайта салу 2019 жылы басталған еді. Келісімшарт бойынша 2021 жылы аяқталуы тиіс болғанымен, жұмыс күшін еселеткен мердігер компания жобаны уақытынан жарты жыл бұрын тапсырып отыр. Нысанның ашылуына барған облыс әкімі Ғали Есқалиев құрылысшыларға алғысын білдірді.

Көпір құрылысын жүргізген – «Ка-Строй ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші «Қарашығынақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясы есебінен 5,3 млрд. теңге жұмсалған.
Өткелдің ұзындығы – 996 метр, бұрынғы жалпы ені 16 метр болған болса, ол енді 21 метр болып кеңейтіліп, екі қозғалыс жолағы төрт жолаққа ұлғайтылған. Жаяу жүргіншілерге арналған жол – 1,5 метр. Жарық бағаналары қойылған.
Облыс басшысы Ғали Есқалиев атап өткендей, бұл көпір қала тұрғындарына аса қажетті және маңыздылығы зор.
– Көпір 1978 жылы салынған екен. Сол уақыттан бері күрделі жөндеу жасалмаған өткелді қайта салу тұрғындар мен көлік жүргізушілері үшін маңызды болды. Қайта салу үшін жабылған бір жарым жыл уақыт бойы жол қозғалысы қолайсыздық тудырғаны рас. Мәселен, жолы ең ұзақ саналатын №7 бағыттағы маршрут Деркөлден орталыққа дейін 1 сағат 20 минут көлемінде жүрген болса, енді екі есеге тез бару мүмкіндігі бар. Сондай-ақ қазіргі вирусты пандемия кезеңінде де науқастарды ауруханаларға жедел жеткізуде төте жолдың рөлі зор. Құрбан айт мейрамында қалалықтарға қуаныш сыйлау үшін құрылысшылар екі ауысыммен үзіліссіз жұмыс жасады. Құрылысқа отандық өнімдер қолданылды, осы орайда жергілікті кәсіпорындарымызға да пайда әкелген жоба болды деп санаймыз. Көпір құрылысына 140 сыбай, 24, 33 метрлік бөренелер салынып, жаңа технологиялар қолданылған. Толықтай жаңартылған өткел кемінде 50 жыл қызмет етеді деп сенеміз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Мердігер компания – «Ка-Строй ЛТД» ЖШС бас директорының орынбасары Төлеген Қарағайшиннің айтуынша, құрылысқа қолданылған материалдардың 85 пайыздық үлесі отандық өнім саналады.
– Асфальт-бетон – оралдық өндірушілерден алынды, металл құрылымдары – Қарағандыдан, жарықшамдар, бағаналары – Ақтөбеден жеткізілді. Құрылысқа жұмыс ауқымына қарай 70-130 адам тартылды. Кейінгі кездері жол құрылысына шақпатасты-мастикалық асфальт (ЩМА) пайдаланылып жүр. Бұл көпірдің жабынына да осы материал қолданылды, – дейді Төлеген Қарағойшин.
Екі жылға жоспарланған құрылыс жұмыстарын 1,5 жыл ішінде атқарған құрылысшылар сапаға кері әсері болмайтынына сендіріп отыр. Сондай-ақ кепілдік келісімшарты бойынша алдағы үш жыл бойы көпірді күтіп-ұстау, олқылықтар анықталса, қалпына келтіруді компания өз есебінен қамтамасыз ететін болады.
Көпірдің жабылуына байланысты қоғамдық көліктер қозғалысы айналма жолдарға өзгертілген еді. Қала әкімі Абат Шыныбековтың мәлімдеуінше, енді осы өткел арқылы өтетін 13 маршруттың жолы қайтадан реттелмек.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz



Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу