СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖЕТКІЗУ. Одан қорқудың қажеттілігі бар ма?
Жалған ақпарат жеткізу сыбайлас жемқорлықтай ауыр қылмыс. Ары таза емес кей азаматтар, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қорқынышын пайдалана отырып, бұны бопсалау немесе кек алу орнына қолданады. Бірақ, осылайша қысым көрсете отырып, олар өздері жанама түрде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасайды.

ҚР қылмыстық заңнамасына сәйкес, пара алу туралы жалған ақпарат жеткізгені үшін мынадай жазалау түрлері қарастырылған: айыппұл – 4000 АЕК-ке дейін, түзету жұмыстары – сондай-ақ 4000 АЕК, 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 5 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бәрі де, жасалған қылмыстың ауырлығына, жалған ақпарат жеткізушінің жеткізген ақпаратына қарай анықталады, неғұрлым ауырлау болса соғұрлым жаза да ауыр болмақ. Парамен байланысты жағдайда – жалған ақпарат жеткізуші пара көлемін неғұрлым көбірек айтса, соғұрлым жазалау да қатаңырақ, яғни 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Дегенмен де, азаматтарға – өтініш берушілерге, егер де сіздің өтінішіңіз қылмыстық істі тергеу барысында анықталмаса да, бұл жалған ақпарат жеткізгені үшін оларды қылмыстық жауапкершілікке тартады деген сөз емес.
Жалған ақпарат жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту заң шығарушымен арнайы қарастырылған, яғни кейбір жосықсыз тұлғалармен өзінің пайдасына немесе опасыз мүддесіне қол жеткізу айла-шарғысына қолданбау үшін.
Жалған ақпарат жеткізудің субъективті жағы тікелей қаскөйлік ниет, яғни тұлға, онымен жасалған қылмыс туралы хабарлауы міндетті, қылмыспен күресті жүзеге асыратын тұлғаға немесе органға жеткізілетін жалған ақпараттың жалған екендігін сезінеді. Сонымен бірге тұлға, қоғамдық қауіпті салдардың туындауы мүмкіндігін болжайды және олардың болуын күтеді.
Уәж бен мақсаттың болуы аталмыш қылмыстың квалификациясына әсер етпейді. Дегенмен, жалған ақпарат жеткізу, әдетте, кек алу, іштарлықтан жасалады, мақсаты нақты тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту және қылмыстық іс қозғау болуы мүмкін.
Парақорлық туралы ақпараты бар жеке тұлға бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс. Ол парақорлық туралы екі жағдайда – қылмыс жасалғанға дейін және одан кейін мәлімдей алады. Егер парақорлық жасалған жағдайда және өтініш берушіде жеткілікті дәлелдер болған жағдайда, бұл – аудио немесе бейне жазбалар, куәгерлер, әйтпесе мұндай фактілер әдетте дәлелденбейді, сондықтан өтініш берушінің айғақтары пара алушыны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жеткіліксіз болса, өйткені бұларды қылмыстық заңнама талап етеді. Парақорлық жасауды жоспарлаған жағдайда – өтініш беруші бұл туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауы қажет, құқық қорғау органдары өз кезегінде тиісті шаралар қабылдайды. Әрине, өтініш берушінің аудио және бейне жазбалары, куәгерлері және т.б. сияқты өз дәлелдері болғаны жөн.
Сондықтан да, егер сізде сыбайлас жемқорлық қылмысының дәлелдері болмаса, белгілі бір лауазымды тұлғадан кек алу ниетіңіз болмаса, Сіз айғақтар мен дәлелдерді қасақана салдырмаған болсаңыз, қылмыстық қудалаудан қорқудың қажеті жоқ. Кері жағдайда, сіздің әрекетіңізге заңды қарсы іс-қимыл табылады.
Нұрдәулет СӘМЕТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаменті басшысының бірінші орынбасары
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу