ҰЛТ ҰРПАҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ ЕРЕН
Қашан болмасын оқытушыдан да, оқушыдан да шығармашылық пен ізденіс нышаны байқалып, алға ұмтылыс пен тынымсыз әрекет, жемісті еңбек сезілсе, бұл – шәкірт үшін үлкен жетістік, ұстаз үшін таптырмас бақыт. Міне, осындай таптырмас бақыттың иесі, көшбасшы ұстаз Гүлжихан Үмбетқызы – Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мақтанышы.

Бүгінде Гүлжихан Үмбетқызы республикалық оқулықтың эксперті, «Өлкетану» оқулығының авторы, облыс көлемінде көптеген авторлық бағдарламалары мен іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістері», «Эссе жазу және оның әдістері» тақырыбындағы шеберлік сағаттарына облысымыздың түкпір-түкпірінен мұғалімдер қатысып, тәлім алуда.
Әр мұғалімнің алдындағы сәулетті мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Осы жолда шабытына шабыт қосатын ұстаздың әр еңбегінің құндылығы, сыры, міне, осында. Білгір ұстаздардың еңбектері – ізбасар әріптестері үшін таптырмас қазына іспеттес. Сабақтың сапалы өтуі мен жүргізілу үлгісінен бастап, дидактикалық материалдары, түрлі үлгідегі сыныптан тыс жұмыстары бір төбе. Жанында жүрген мен сияқты қалыптасу жолындағы жас мұғалімдерге әрдайым «шығармашылық идея керек», «оқушыға жеңіл де ұтымды әдіспен үйретіңіздер», «ескіліктен арылып, жаңашылдыққа ұмтылыңыздар», «әдебиет сабағында мұғалімге жүрек керек» деген әрбір сөзі жас маманның сауырына қамшы салғандай әсер қалдырып, намысқа тырысады.
Ұлағатты ұстазға жолыққан талантты шәкірттердің жұлдызы жарқырай түсетіні, білікті маманнан тәлім алған жас маманның биікке шығары даусыз. Абай Құнанбайұлының сөзімен айтсақ: «Парасаттылықтың мәні – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, білім оның ішкі нәрі, сыртқы шырайы және әрі». Міне, осы парасаттылықтан бастау алған Гүлжихан Үмбетқызының «әдебиет» атты алып мұхиттың түбінен құнды жауһар іздеген сан мыңдаған шәкірттері мен әріптестері үшін орны ерекше. «Дарынды баланы жақсы мұғалім ғана іздеп таба алады» дейтін Гүлжихан апай шәкірт бойындағы ерекше қасиетті танып-біліп әрі қарай ұштайды, жас тәлім алушыларды оқушы бойындағы ерекше қасиетті таба білуге үйретеді.
Ұстаздың оқушыны олимпиадаға дайындау жолдары, ғылыми-зерттеу жұмысын жазудағы ерекшеліктер, оқушыны шығармашылық байқауға әзірлеудің тиімді әдістері жыл сайын көпшілік сұранысына ие. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық жолда қарымды қадаммен талмай еңбек етіп келе жатқан ұстаз Гүлжихан Үмбетқызының шәкірттері түрлі додалардың жүлдегерлері. Мектеп-лицейіміз ашылған 2010-2011 оқу жылынан бастаған лицей түлектері Г.Байғабылова, С.Наурызбай, Е.Ақкереев салған жолмен А.Жасқайратова, Г.Қылышбай, М.Жанұзақов, Ә.Бектас, Е.Мыңжасова даңғыл жолды жалғай түсті. Олардың ізбасарлары республикалық оқулардың, ғылыми жобалардың бас жүлдегерлері Е.Төлеген пен О.Зағыпар, республикалық олимпиаданың «Алтын медаль» иегері Д.Ерғалиқызы, республикалық педагогикалық олимпиаданың жүлдегерлері М.Баймұрат пен Қ.Уәлиев сынды оқушылар ұстаз еңбегінің жемісі. Алдындағы әр шәкірттің қиялына қанат бітіріп, алыс армандарға жетуге асықтыра түсетінін байқауға болады. Гүлжихан апайда ақындық шабыт та, ғылыми талдау да, ойын бейнелей, көркемдей жеткізер шешен тілде, көркем шығарманы көз алдыңа елестетер суреткерлік те астасып жатады.
Әдебиет әлеміне ерекше үн қосып, оның дамуы мен гүлденуі жолында талмай қызмет етіп келе жатқан дарынды педагог, жаңашыл, ізденімпаз әдіскердің ұлт ұрпағы жолындағы еңбегі ерен.
Ләззат Құсайынова, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу