МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Тіл ғылымның қай саласында болмасын қарым-қатынас құралы. Тіл қолданыс аясын таңдамайды. Айталық, ғылымды дамыту, оның даму бағыттарын, қызметін тиімді ету үшін, өндірістен шыққан тамаша өнімдерді тұтынушысына жеткізу үшін, өнімнің, қызметтің құндылығын, жетістігін, кемшін тұстарын, жеткізуге қажетті жақтарын жеткізетін құрал – тіл. Елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Оның құндылығы сөзсіз. Мемлекеттік тілді күнделікті жұмысымызда қолдануымыз тіл аясын кеңейтуге қосқан үлесіміз. Бұл жүзеге асырылатын жұмыс. Оқырманның ойына «неліктен мұндай тақырып туындап тұр» деген ой келуі мүмкін. Бұл заңды сұрақ, орынды ой. Себебі, мемлекеттік тілдің заң саласында қолдану аясы орыс тіліне қарағанда әлдеқайда кемшін. Бұл шындық.

Тұрғындардың басым бөлігі азаматтық сотқа өтініш, арыз жазған кезде мемлекеттік тілде емес, бұрынғы қалыптасқан қалыппен ресми тілде жазуды оңай көреді.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2019 жылы 2683 талап арыз және материалдар түссе, оның ішінде 290 арыз мемлекеттік тілде, яғни 10,8% құрайды, ал 2020 жылдың басынан 635 талап арыз түскен. Оның 50-і мемлекеттік тілде, яғни 7,8%-ды ғана құрап отыр. Бұны да түсінуге болады. Заң бойынша сот азаматтардың сотқа жүгінген талап арыздары қандай тілде келіп түссе, сол тілде қарайды. Оны сот өз еркімен өзгерте алмайды, тек кейбір жағдайларда ғана талапкерлер мен жауапкерлердің қалауы бойынша іс өндірісінің тілі сот ұйғарымымен өзгертілуі мүмкін. Бірақ, мұндай да істердің саны әлі өте аз.
Мемлекеттік деңгейдегі қазақ тіліміз сөздік қоры бай, құнды болғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін қолданыс аясы әлі дамытуды қажетсінеді. Сот жүйесінде мемлекеттік тілде ресми іс-қағаздарды жүргізу әлдеқайда жақсы жолға қойылып келе жатқаны рас, нәтиже бар. Әйтсе де, азаматтардан келіп түсетін арыз, шағымдар ресми тілде түседі. Сәйкесінше, жоғарыда айтылғандай, сот арызды қай тілде жазылды, сол тілде арыз берушінің талабына жауап береді.
Ал ұйымдарға келетін болсақ, ұйымдар, кәсіпорындар, компаниялар арасында пайда болған түсінбеушіліктен туындаған мәселелерді шешу үшін сотқа арыз жазғанда көбінесе ресми тіл қолданылады. Негізгі себептердің бірі қалыптасқан сөздік қорды қолданудағы оңай әрі ыңғайлы қалыпқа сүйену.
Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жөнінде мәселе туындап отырғаны – осы саланың тілді дамытуға өз үлесін қосуға ұмтылушылықтың белгісі.
Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында сот саласында жыл сайын әр түрлі байқаулар жүзеге асырылуда. Мысалы, Жоғарғы Сот бастамасымен «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы», «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» байқаулары. Прокуратура, қорғаушылар, медиаторлар, сот орындаушылары және мемлекеттік мекемелердің басшылары мен олардың заңгерлерінің қатысуларымен бірнеше кездесулер мен дөнгелек үстелдер және ай сайын «Ашық есік» күндері, семинар сабақтары жиі өткізіліп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде осы тақырып бойынша бірнеше материалдар да жариялануда. Оның барлығы міндетті түрде өз септігін тигізуде.
Тілді меңгеруге кәсіби курстар ұйымдастырылып, өткізіліп келеді, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру маңызды. Сұраныс бар. Тілді дамытуға қажетті қаржы да мемлекет тарапынан бөлініп отырады. Бұл да керемет мүмкіндік.
Мемлекеттік тілді сот жүйесінде қолдануға әрбір қызметкердің азаматтық, моралдық жауапкершілігі, яғни осы саладағы әрбір қызметкер өз деңгейінде үлес қосуы керек.
Әрине өзге тілдерді және ресми тілді қадірлеуміз қажет екені даусыз. Қазіргі таңда басқа тілде сөйлеп, үйреніп алудың ешбір қиыншылығы жоқ. Кез келген ұлттың не ұлыстың өзіндік ерекшелігі – тіл. Сондықтан мемлекеттік тілді қолданбау, білмеу адасушылық. Қытайдың атақты философы Конфуций да айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды». Мағыналы ой. Қандай тілде сөйлеуге еркіміз жетсе де өз ана тіліңе ештеңе жетпейді, оған сый-құрмет көрсетіп келесі ұрпаққа жеткізуге біз міндеттіміз.
Жоғарыда айтып өткендей тілді үйрену, сөздік қорды кеңейтуге қазіргі таңда мүмкіндіктер де кең, заманауи технологиялар, онлайн білім алу, онлайн сөздіктер барлығы тілдің қолданылуын жақсартуға үлкен мүмкіндік деп санаймын. Тілді таза ұстауды приоритетті бағыт дет тану, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бірі.
Сотта іс қаралу барысында сот тараптары екі ұлт өкілі болса немесе куәларды жауаптаған кезде мемлекеттік тілін меңгермеулеріне байланысты, құқықтары бұзылмауы мақсатында аудармашыны қатыстырамыз. Кей жағдайларда талап арыздарда қандай талап қойылғандығын түсінбей тұратын талапкерлер де аз емес, бұл қазақ тілінде жетік білетін заңгер мамандарының жоқтығы. Мемлекеттік органдардың талап арыздары да сотқа ресми тілде беріледі. Бұл жағдай бірінші басшылардың жауапкершілігін көтеруді қажет етеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымының бірі. Сол себепті бұл бағыттағы маңызды қадам қатарында мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде білу керек деген талапты жедел түрде күшейтпесе болмай тұр.
«Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» демекші, қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін бәріміз бірігіп, үлес қосуымыз қажет.
Нұргүл Кәдірғалиқызы Танкиева, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу