ОРАЛДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Соңғы кездері Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жол-көлік апаттарының жиі орын алуда. Осыған орай қалада «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Шара 27 қазанға дейін жалғасады.

Атамыш іс-шара кезінде жүргізушілердің көлік рө»ліне мас күйінде отырмаулары және көлік жүргізбеулері, жанама көлікті қуып алдыңғы қатарға жарыса шықпауы, бағдаршамға бағынулары, көше қиылыстарында жол ережесін қатаң сақтаулары, қауіпсіздік белдігін тағып, көлік жүргізу кезінде қалта телефондарымен сөйлеспеулері міндетті түрде тексеріледі.
Сонымен қатар, соңғы кездері жаяу жүргіншілерді ақ жолақ белгілері орнатылған тұстарда қағып кету, қоғамдық орындарда қағып өтіп бой тасалау сынды соңы кісі өліміне соқтыратын фактілерге тосқауыл қою үшін алкоголь ішімдігімен ауызданған жүргізушілер арнайы емдеу мекемелеріне жеткізіледі.
– Жаяу жүргіншілер өтпесі тұсында патрульдік полиция баталонының инспекторлары арнайы қондырғылары орнатылған көліктермен жол үстінде жүріп, жол қозғалысына қатысушыларды апаттардан сақтандыруға шақырады. Құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден өткен болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз,-дейді Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Динара Абдулкалыкова.
Күз мезгілінде ауа-райының қолайсыздығы, жауын-шашын әсерінен асфальт бетінің күңгірттенуі жүргізушілрге де қиындық туғызатыны жасырын есмес. Ендеше, көлік руліндегі жүргізуші мен жаяу жүргінші, жалпы жол қозғалысына қатысушылар сақтық ережелерін естен шығармай, жол үстінде абай болғандары жөн.

Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу