КӘСІПКЕРЛІК – ӘМБЕБАП ДАҒДЫ: ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«Атамекен» басшысы мектеп оқушылары және студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Жаңа оқу жылында Тимур Құлыбаев оқушылар мен студенттерге табыс, мақсатқа жетуде тынымсыз еңбекқорлық пен жаңа жетістікке жетуде жігерлілік тіледі.
Төралқа Төрағасы биыл «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында «Кәсіпкерлік негіздері» атты жаңа пән енгізілетінін атап өтті. Бұл пән элективті негізде, яғни оқушылардың таңдауы бойынша жүргізіліп, түлектердің кәсіби бағдар алуына, олардың іскерлік және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
«Көпшілігіңізге жаңа пән бизнес әлеміне жетелейтін алғашқы қадам болмақ. Бұл пән арқылы сыни ойлай білу дағдысын, қалыптан тыс ойлай білу арқылы кез келген қиын жағдайда дұрыс әрі тез шешім қабылдау қабілеттерін игеруге, командалық рухтың маңыздылығын бағалауға және кәсіпкерлік негіздерін тануға зор мүмкіндік ашады. Мұның бәрін үйрену қолдарыңыздар келеді»,– деді Тимур Құлыбаев.
Жаңа пәннің ерекшелігі – оның ойын формасында оқытылуында, ал әр сабақ отандық компаниялардың нақты бизнес-кейстеріне негізделіп өткізілетін болады. Оқытушылармен қатар осы пәнді тануға барлық өңірлердегі отандық бизнестің «капитандары» – танымал әрі табысты кәсіпкерлер де атсалысатын болады.
«Бизнесмендер сіздердің басты үлгі тұтар тұлғаларыңызға айналады. Олар жеке табыс тарихымен бөлісіп, бизнестегі қиын жағдайлардан қалай сүрінбей өтуге болатынын айтып, кәсіпкерліктің негізгі қағидалары мен заңдылықтарын түсінуге үйретеді. Жеке кәсіпті ашудың тиімді әдістерін, қаражатты қайда ұтымды салу керектігін, жаңа серіктестерді табудың жолдарын және неліктен ең ұтымды салым – қызметкерлер, «адами капитал» екендігін түсіндіреді. Біз отандық бизнесмендерге «Атамекен» бастамасын қолдағандары үшін алғыс білдіреміз. Осылайша танымал кәсіпкерлер өз тәжірибелері арқылы жаңа оқу пәнін енгізуде зор үлес қосуда», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
«Атамекен» басшысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы түлектер мен студенттердің барлығын дерлік бизнеске тартуды көздемейтінін, ең бастысы «кәсіпкерлік»– «істі қолға алу, алдын ала қамдану» деген ұғымды білдіретінін атап өтті. Ал бұл қазіргі сұранысқа сай, әмбебап дағды.
«Әрқайсыңыз алда қызметтік мансап құрасыздар. Компанияда жұмыс істесеңіз де, жеке кәсіп ашасыз да, жаңа белестерді игеруге тура келеді. Жеке кәсіп ашып, мемлекетке пайда әкеліп жүрген «бизнестегі капитандарымыз» бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін», – деп атап өтті Ұлттық палата басшысы.
Сонымен қатар Тимур Құлыбаев «АЛМЭКС – Астана» корпоративті қорының қолдауымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Atameken Academy» білім беру онлайн-сервисін іске қосқанын еске салды. Бұл платформа арқылы кез келген азамат кәсіпкерлік негіздерін оқып, өзінің бизнес-идясын бизнес-жоспарға дейін жеткізе алады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу