8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2019 2153 0
Қоғам

Зияткерлік мектепте алғашқы қоңырау соғылды

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының басталуына орай салтанатты жиын өтті. Шараға мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Айта кету керек, физика-математикалық бағыттағы оқу ордасына жаңадан 144 оқушы қабылданды.


Салтанатты жиында мектеп директоры Шолпан Қадырова сөз алып, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дәстүрлі тамыз кеңесінде «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті екендігін баса айтты. Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұжымы да еліміздің ертеңі, жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу жолында ізденіспен еңбек етіп келе жатыр. Еліміздің білім беру саласында өзімізге жүктелген жауапкершілікті сезініп, біз бұл оқу жылында да тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға қызмет еттік. Білім мен тәрбие үдерісінде оқушылардың бойына адамгершілік, көшбасшылық және патриоттық сезімдерді қалыптастырдық, – деді Шолпан Маратқызы.
Шолпан Маратқызының айтуынша, өткен жыл зияткерлер үшін табысты болған Биыл оралдық жеті зияткер халықаралық, 60-тан астам оқушы республикалық олимпиада, ғылыми жобалар байқауы мен түрлі сайыстарда топ жарды. Павлодарда өткен робототехникадан Ұлттық чемпионатта жалпыкомандалық есепте ең көп жүлделі орын алған мектептің құрама командасы олимпиада жеңімпазы атанды. Сонымен қатар күні кеше алты оқушы дүниежүзілік робототехника олимпиадасына жолдама алыпты.
2018-2019 оқу жылының мектеп түлектері алыс-жақын шетелдік университеттердің грантын иеленген. 28 зияткер отандық ЖОО грантына қол жеткізсе, 19-ы Назарбаев Университетін таңдапты. Ал 21 жас шетел асып, білім-ғылым игеруге аттаныпты.
Бұл жылдың алғашқы қоңырауын мектепке түсу кезінде ең жоғары ұпай жинаған 7-сынып оқушысы Әділ Сейдазымов соқты.
Салтанатты жиын құрметті қонақтар және 7-сынып оқушыларының ағаш отырғызу рәсімімен аяқталды. Шарада «Жарқырай түс, жастық шақ!» биі, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» композициялық қойылымы ұсынылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»