ҚАЗИИТУДА IT-ЛИЦЕЙ АШЫЛДЫ
Бүгін заманауи жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті, білім жүйесінде лайықты орны бар «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Шараға оқу орнының оқытушылық- профессорлық құрамы, ата-аналар мен студенттер, оқушылар қатысты. Жаңа оқу жылында оқу ордасында 14150 студент білім алғалы отырса, соның 2700-і бірінші курсқа қабылданғандар.

Биылғы оқу жылының басты ерекшелігі – оқу орны жанынан Ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің ашылуы. АТ лицей партасында әзірге 128 оқушы отыр. Салтанатты жиында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов, ардагер ұстаз Өтебай Құспанов баршаны Білім күнімен құттықтады.
– Биыл білім алушылардың қатары 14 мыңнан асты. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Жалпы еліміз бойынша студенттердің саны жағынан төртінші орындамыз. Басты мақсатымыз – саналы да сапалы ел болашағын тәрбиелеу. Қазіргі таңда Қазақстанның 140 жоғары оқу орнының арасынан алғашқы үздік жиырма университеттің қатарына еніп, 13-інші орынға табан тіредік. Бұл нәтижеге жетуде әрқайсыңыздың үлесіңіз зор, – деген Ақсерік Сарыұлы өскелең ұрпақ тәрбиелеу мен оқытудағы елеулі табыстары үшін Л.Қаржауова мен А.Оразбайқызына Құрмет грамоталарын табыс етті.
Бұдан соң сөз алған білім ордасының академиялық ректоры, профессор Юрий Афонин университетте профессорлар мен оқытушылардың берік құрамы жасақталғанын тілге тиек етіп, 27 жыл ішінде оқу орнының толағай табыстарға қол жеткізгенін, тіптен Еуропаның жеке университеттері арасында бәсі биік екенін мақтанышпен жеткізді. Ал өз кезегінде сөз алған университет ректоры, профессор Әліби Баяхов: – «Бір күндігін ойлаған ел – егін егеді, он жылдығын ойлаған ел – ағаш егеді, жүз жылдығын ойлаған ел – ұрпақ тәрбиелейді». Студенттеріміз робототехника бойынша халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүр. Биыл университетіміз аттестация, аккредациялық сынақтардан сәтті өтті.
Академиялық ұтқырлық аясында біздің студенттерімізге Ресей оқу орындарынан білім гранттары ұсынылды, – дей келіп жастарға жарқын болашақ, сәттілік тіледі. Білім күнінің алғашқы қоңырауын Ақпараттық технологиялар мектеп лицейінің шәкірттері Н.Төлеміс пен Е.Бірманов соқты. Жиыннан соң ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы А.Әйтімов Студенттер сарайында жастармен жүздесіп, еркін-әңгіме дүкен құрды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу