ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда салтанатты жиын өтті. Оралдықтарды аталмыш мерекемен қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

Биыл Ата Заңның қабылданғанына – 24 жыл. Конституция – елдің тұрақтылығын сақтау, әл-ауқатының артуы, бейбіт өмір сүруіміздің және жарқын болашағымыздың кепілі. Мерекеге орай өткен жиында шаһар басшысы А.Шыныбеков игі тілегін жолдап, Қазақстан Республикасының ұлықтығын қамтамасыз етуге, конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан азаматтарға алғыс хат табыс етті.
– 1995 жылғы жалпы халықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың маңызды таңдауы болды. Міне, 24 жыл бұрын даму мен өркендеудің даңғыл жолы айқындалды. Негізгі заңымыз әлеуметтік-экономикалық дамудың өзегі, бірлік пен ынтымақтастықтың бұлжымас бағдары, кемел келешектің кепілі болды. Елбасымыз ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүргізген сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті Отанымыздың жоғары экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатына артуына толықтай бағыт алып келеді. Қазақстанның кең байтақ жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстар қоян-қолтық еңбек етіп, бейбіт ғұмыр кешуде. Ең бастысы ұлтаралық келісім, достық пен татулықтың арқасында саяси тұрақтылық сақталуда. Осы мақсатта жасалып жатқан көптеген игі істер соның айқын дәлелі, – деген Абат Абайұлы Конституцияның әр тармағы әр қазақстандықтың алдындағы арман-мақсаттарының орындалуына мүмкіндік беретін басты құжат екенін атады.
Еңбек ардагері, прокуратура саласының құрметті қызметкері Сансызбай Үмбетәлиев Конституция – барлық заңның атасы саналатынын, әр адамның құқығының сақталуы Ата заңда жазылғанын айтып, Конституцияға құрметпен қарауға шақырды.
Салтанатты жиында қала әкімінің алғыс хатына ҚР ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы, ұлттық қауіпсіздік полковнигі Мереке Шүйінішқалиев, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасының кадр жұмысы жөніндегі аға прокуроры Анар Пазылова, Орал қаласы прокуратурасының аға прокуроры Қуанышбек Қапезов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Дәурен Хаиров, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті жедел басқармасының офицері Бауыржан Қапезов, Орал қаласы Әділет басқармасының бас маманы Майра Есенғалиева, Орал қаласы полиция басқармасы ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекші маманы Айнұр Дәулетова ие болды.
Мерекелік жиын өңір өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу