42500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕМІН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау ережесі туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұймдастырған брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Сатхан Төлегенов түсіндіріп берді.

Өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені төлемінің ережесін бекітті. Бұл төлем төрт санаттағы – жалдамалы жұмыскерлер, кәсіпкерлер, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс жасаушылар және өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға төленеді. Брифинг кездінде Сатхан Төлегенов әр санаттағы азаматтар өтінішті қалай беретінін нақтылап, түсіндірді.
Жалдамалы жұмыскерлер – егер оларды осы шектеулерге қатысты ақысыз демалысқа жіберілген болса, өтінішті тек жұмыс берушісі береді. Егер жұмыстан шығып кеткен болса, не болмаса, оны шығарып жіберсе, жұмыс беруші ол үшін өтінішті бере алмайды. Бұл жағдайда, азаматтың өзі жұмыспен қамту орталығына жолығуы қажет. Сізге сол жердегі ашық ваканцияларды немес басқа жұмыспен қамту шараларын ұсынады. Егер ол лайық келмесе, 3 күннің ішінде сіз жұмыссыз ретінде тіркеліп, автоматты түрде сол мемлекеттік сақтандыру қорынан басқа жұмыссыздыққа қатысты жәрдемақы төлемін ала алады. Жәрдемақы жыл бойы тапқан табысынығ 40 пайызы көлемінде алты ай бойы төленеді.
Жеке кәсіпкерлер – бұл кісілер тапсырысты өздері береді. Бір ғана шарт – олардың жұмысы өңірдегі бас санитарлық-дәрігердің қаулысына сай карантинді күшейтуге байланысты тоқтап қалған болса ғана ала алады.
– Өңірде наурыз-сәуір айында құрылған штабтар жұмысын жалғасытурда. Жеке кәсіпкерліктің жұмысының тоқтағанын осы штаб анықтайды. Кәсіпкерлердің өтініштері осы штабтың мәліметінің шешіміне байланысты қабылданады Бұл штаб құрамында Салық комитетінің, Еңбек инспекциясының, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мүшелері бар, – деп толықтырды Сатхан Досмұханбетұлы.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істеп жүрген азаматтар – өздері өтініштерін береді, бұл өтініштер штаб арқылы өтпейді, ол тікелей беріледі. Бірақ, бұл адамдар осы 2020 жылы 6 айдың ішінде 1 рет болса да, зейнетақылық жарналарын аударған болуы тиіс.
Өз бетінше жұмыспен айналысып жүрген азаматтарға да жұмысы тоқтап қалса, 42 500 теңгені алуына болады. Бұл азаматтар бұған дейін,яғни наурыз-сәуір айларында бірыңғай жиынтық төлемді – ЕСП-ні төлеген болса, енді қайталап төлеуінің қажеті жоқ. Тек өздерінің шын мәнінде жұмыссыз қалғанын дәлелдеулері керек.
Сондай-ақ спикер екінші деңгейдегі банк саласында қызмет жасаушылар, мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек немесе сақтандыру қорынан тиісті төлемдер алып жүрген кісілер 42 500 теңге төлемді ала алмайтынын айтты.
– Біздің елімізде 40-қа жуық әр түрлі мемлекеттік төлем бар. Оған ай сайын 300 млрд. теңге төленеді. Осы санаттар бойынша төле алатындарға 42 500 теңге тағайындалмайды, – деді Сатхан Досмұхамбетұлы.
Екіншіден, студенттер Еңбек, жұмыспен қамту заңнамасы бойынша экономикалық белсенді азаматтар қатарында болмағандықтан, оларға бұл төлем берілмейді. Ал декретте жүрген әйел адамдар үшін өзгеріссіз қалатын болды. Ол дегеніміз, біріншіден, бала бір жасқа толғанша, мемлекеттен жәрдемақы немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді, сондықтан 1 жасқа тоғанша, 42500 теңгеге үміттене алмайды. Ал, енді 1 жастан асқан болса, бұл жерде өзінің жағдайына байланысты, егер жұмысқа шығып, қазіргі төтенше жағдай бойынша шектеліп, ол кісіні ақысыз демалысқа жіберсе, әрине, ала алады, егер оның өзінің жеке кәсіпкерлігі болып, немесе тұрақты түрде бірыңғай жиынтықты төлеп жүріп, қазір оның жұмысы тоқтап қалған болса, ала алады және де өткенде төтенше жағдай кезінде 1 рет бірыңғай жиынтықты төлеп, мен бейресми жұмыс істеп жүрмін деп растаған әйелдер, олар да бұл жолы өтініштерін берсе, және де расында жұмысы тоқтап қалса, осы 42500 теңгені ала алатын болады.
Төлемді алу үшін 4-5 арна бойынша өтінім беруге мүмкіндік бар.
– 42500enbek.kz жұмыс істейді. Электрондық үкімет порталы жұмыс істейді және өз бетінше жұмыспен қамтылған жеке тұлғалар үшін телеграмм бот ыңғайлырақ. Сонымен қатар Каспий банк пен Халық банктің порталдары арқылы өтінім беруге болады, – деп түсіндірді Сатхан Төлегенов.
Айта кетейік, 42 500 теңге төлемі жұмыс істеп жүрген және мына карантиннің күшейтілген шаралары шектеулеріне қатысты өздерінің табысынан айырылған азаматтарға төленеді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу