30 МЫҢНАН АСА БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Бүгінгі таңда облысымыз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 22 238 адам тіркелді. Індетті жұқтырғандардың 78,2 пайызы, яғни 17 411 адам жазылып шықты. Оның ішінде 8 162 адам стационарлық, 9 249 адам амбулаториялық ем алғандар.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың мәліметінше, бүгінге дейін барлығы 330 адам COVID-19-дан көз жұмды. Оның ішінде жыл басынан бері 162 өлім жағдайы тіркелген. Нақтырақ айтқанда, қаңтарда – 28 жағдай, ақпанда – 15 жағдай, наурызда – 30 жағдай, сәуірде – 42 жағдай, мамырда – 47 жағдай.
– Бүгінгі күнгі деректер бойынша 195 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 11 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 5,6 пайызды құрайды. 1 123 төсек-орындық 18 инфекциялық стационарда 393 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 34,9 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарлардағы 72 реанимациялық төсек-орында 27 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 37,5 пайызды құрайды. Олардың ішінде, 25 науқаста ілеспелі аурулар бар. Олардың 19-ы – жүрек-қан тамырлары аурулары, алтауы қант диабетімен есепке алынғандар, – деп мәлімдеді Арман Талғатұлы.
Облыс бойынша 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация басталған болатын. Осы уақытқа дейін өңірге вакцинаның 138 560 дозасы келіп түсті, оның ішінде 89 050 доза I компонент, 49 510 доза II компонент.
25 сәуір күні облысымызға 2 000 доза (1000 доза – І компонент, 1000 доза – ІІ компонент) Қазақстандық вакцина жеткізілді. Қазіргі кезде отандық вакцинаны 1 000 облыстық тұрғын алды. Сонымен қатар ресейлік және отандық вакциналардан басқа облысымызға Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген 45 000 доза (27 500 – І компонент, 17 500 – ІІ компонент) Hayat-Vax вакцинасы жеткізілген болатын. Жалпы облыс бойынша вакцинаның І компонентімен 67 299 адам егілді (75,5%). Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 30 512 адам егілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу