8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Тамыз 2020 19915 0
Қалалықтар қаперіне

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КАНИКУЛ КЕЗЕҢДЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылының ұзақтығы мен оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдерін айқындады. Бұл министрліктің 2020 жылғы 12 тамыз күнгі  «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы»  бұйрығында көрсетілді. 

2020-2021 оқу жылы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 1 сыныптар үшін 33 оқу аптасына, 2-11 (12) сыныптар үшін 34  оқу аптасына жалғасады. 
Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері осы бұйрықта көрсетілді. 1-11 (12) сыныптар күзгі каникулда – 10  күн, қыста – 11 күн, көктемгі каникулда – 12 күн демалады.

Күзгі каникул – 2020 жылғы 5-14 қараша аралығында, қысқы каникул – 2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында, көктемгі каникул – 2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында болады.

Сондай-ақ 1 сыныптар үшін 8-14 ақпан аралығында жеті күндік қосымша каникул белгіленген.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»