8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қыркүйек 2021 1650 0
Қоғам

2 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ.

Оралда санитарлық-экологиялық айлық басталды. Бүгін, 25 қыркүйек күнгі тазалық шарасына 2 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Сенбілікке шыққан мекеме-ұйым қызметкерлері, студенттер «Орал» конструкциясы маңы мен мекемелердің іргелес аумақтарын тазалады. Зашаған кенті аумағындағы Жәңгір хан, Айтқұлов көшелері, Саратов тас жолы, Деркөл-Зашаған айналма трассасы бойынша жалпы саны 500 студент сенбілікке ат салысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Жұмысқа барлығы 15 техника жұмылдырылып, қала аумағынан 100-ден аса текше метр күл-қоқыс шығарылды.

Тазалық айлығына кәсіпкерлер де белсене тартылады. Осы ретте қала әкімдігі тарапынан санитарлық тазалық сақтау мақсатында сенбілік жүргізу қажеттігі жөнінде кіші және орташа бизнес субьектілеріне 300 дана хабарлама таратылған.

Санитарлық тазалық шаралары 25 қазанға дейін жалғасатын болады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
256 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»