16 ЖАСАР БОЙЖЕТКЕН ҮШ БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ
27 қазан күні сағат түнгі 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы Шарафутдинов көшесі 5/2 мекенжайындағы жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

БҚО ТЖД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталған. Оқиға орнынан 1983 жылғы үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда, улы газдың уланған үй қожайыны есін жимастан, ауруханада көз жұмды.
– Ерекше атап өтетін жайт – өрт-сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңілісі мен 1 бауырын терезеден шығарып алған, – деді баспасөз қызметінің мамандары.
Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, сағат 04.29-да толықтай сөндірілді. Оқиға орында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
БҚО ТЖД тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тұрмыстағы өрттердің шығуына отты абайсыз қолдану, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, балалардың отпен ойнауы, тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу себеп болуы мүмкін.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу