ЖЫЛҚЫ БАПТАУШЫЛАР ЖӘҢГІР ХАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖИНАЛДЫ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Жылқы шаруашылығындағы технологиялар» тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы БҚАТУ медиа-орталығы хабарлады.
Бұл іс-шара Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ арасындағы келісімшартқа сәйкес ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталды. Бүгін малдың патшасы саналатын түлікпен жұмыстанатын шаруалар мен мамандардан құралған 25 адам Жәңгір хан университетіндегі «AGROTECH HUB» жобалық кеңсесі ұйымдастырған жиында бас қосты.
Жобалық кеңсе жетекшісі, PhD докторы Дархан Смағұлов атап өткендей, семинарға Батыс Қазақстан облысынан өзге Атырау және Ақтөбе өңірлерінен Көшім жылқысын өсірумен көп жылдан бері айналысып келе жатқан ірі шаруа қожалықтарының өкілдері, осы салада енді жұмысын бастаған шаруалар қатысуда. Сонымен бірге Павлодар және Нұр-Сұлтан қалаларынан мамандар онлайн форматта тыңдаушылар қатарына қосылды.
Семинар барысында белгілі ғалым, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Алтай Зинуллин, университеттегі «Сынау орталығының» директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Индира Бейшова, «Сынау орталығының» зертхана меңгерушісі Александр Ковальчук жылқы тұқымын таңдау, оларды өсіру әдістері, сұрыптау және жұптау қағидалары, асылдандыру есебін жүргізу, бағалау мәселелері, сонымен қатар жылқының тұқымына генетикалық зерттеу жүргізу, ортақ базамен жұмыстану туралы баяндап, қатысушыларға қажетті ақпараттармен бөлісті. Ал күннің екінші жартысында семинардың тәжірибелік бөлімі «Көшім» ауылдық округіндегі жылқы шаруашылығымен айналысатын «Рысжан» шаруа қожалығында жалғасты. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар беріледі.
Бұл салада жұмысын енді бастаған атыраулық Әли Саматұлы өзі үшін бұл іс-шараның маңызы зор болғанын айтты. – Оралдағы осы жоғары оқу орнында жылқының ата тегін анықтайтын зертхана бар екенін білдік. Бұл бізге асыл тұқымды жылқылар сатып алар кезде көп көмегін тигізері сөзсіз. – дейді семинар қатысушысы.
«AGROTECH HUB» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дархан Бақытбекұлы мал және балық шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктіліктерін жетілдіруге бағытталған мұндай семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Тағы бір айта кетерлігі, БҚАТУ-дың «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтындағы» Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы жоғары мектебінде жылқы шаруашылығы бойынша дәрістер оқытылады. Сонымен бірге университеттің «Ғылым басқармасындағы» Сынау орталығының құрамында генетикалық мамандандырылған зертхана жұмыс жасайды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу