8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Маусым 2025 982 0
Оқиға

Жедел жәрдем көлігіне сақтық керек!

Таяуда Оралда жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам ауруханаға түскен болатын. Оның біреуі – 13 жастағы қыз бала. Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның жүруге тыйым салынған белгісіне жүріп кетіп, жеңіл көлікке соқтығысқан. Салдарынан көлікте жолаушы болған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал жедел жәрдем көлігіндегі 28 жастағы науқас әйел мен екі фельдшер қалалық және облыстық көпбейінді ауруханада жатыр. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
– Осы 2025 жылдың 9 маусым күні сағат 13:30 шамасында Шолохов және Сергей Тюленин көшелерінің қиылысында арнайы автокөлік “Hyundai Solati” (жедел жәрдем) жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамастан жолды кесіп өтіп, “Hyundai Accent” маркалы автокөлікпен соқтығысқан,- деді БҚО ПД ресми өкілі Нұржан Қуанғали.
Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»