«ЖАСТАР – ОТАНҒА!» БАҒДАРЛАМАСЫ – ЖАСТАРДЫҢ АЙҚЫН БАСТАМАСЫ
Бүгін, 8 маусым күні өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюро отырысында «Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейін «Жастар – Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі «Жол картасы» бекітілді.
Өңір басшысының айтуынша, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленген.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесін дер кезінде шешу мен қолдаудың маңыздылығын атап, оларға әрдайым ерекше көңіл бөлініп келе жатырғандығын айтқан партия филиалының төрағасы, осы тұрғыда «Jas Otan» жастар қанатының маңыздылығын атап өтті.
Жалпы «Jas otan» Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша бұған дейін облыс жастарына арналған 14 жол картасының (облыстық – 1, қалалық – 1, аудандық – 12) жобасы әзірленген болатын. Аталған жобада еліміздің жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары және партияның облыстық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жастарға арналған тармақтарын ескере отырып, жалпы саны 32 индикатор мен 43 іс-шара жоспары енгізілді.
Қамтылған индикаторлар мен іс-шаралардың барлығы 7 қағидатқа негізделіп, «Жастар – Отанға!» бағдарламасындағы 5 бағыт бойынша дайындалды. Атап айтқанда, азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақыттарын тиімді өткізу.
Осы аталған бес бағыт бойынша алдағы бес жылда волонтерлік қызметпен айналысатын жастардың санын 15 мыңға дейін ұлғайту, бұл көрсеткіш өкілетті органдардағы жастардың санын 40 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жастардың жұмыссыздығын азайту мақсатында және де кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бойынша жастарға мектеп қабырғасынан кәсіпкерлік негіздерін оқыту, 5 жылда «Жастар практикасы» бағдарламасымен 6500 жас маманды дайындау, гранттық қаржыландыруды ұлғайту, мүдделі мәселе бойынша ақпараттық консультация беру, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамыту, NЕЕТ санатындағы жастармен жұмыстар жүргізіп, «Ең үздік бизнес жоспар» жастар конкурсі арқылы 1000 жасты қамтып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 615 маман ауылдық жерлерге жұмысқа тартылып, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1175 сарбазды маусымдық жұмыспен қамтып, 2 100 орындық 5 студенттік жатақхана құрылысын жүргізу, «Бастау бизнес» жобасын іске асыру аясында жыл сайын 200 адамды оқытып, өңірде 5 спорттық-сауықтыру кешенің құрылысы жүргізу сынды ауқымды істер жалпы облыстағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3,8%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Алдағы 5 жылда ауқымды істер қамтылады. Мұның барлығының нақты іс жүзінде жүзеге асырылуын «Nur Otan» партиясы Батыс Қзаақстан облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес қадағалайтын болады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу