8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2024 3076 0
Қалалықтар қаперіне

Жастарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады

Қазақстанда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады.


Бұл норма бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қабылданған лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңда қамтылды. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, құмар ойындарға әуестенген азаматтар түні бойы сергек жүріп, құмар ойын ойнау үшін энергетикалық сусындарды көптеп алады.

«Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметіне қарағанда, қазір кәмелетке толмаған 200 мыңнан астам адам тұрақты түрде құмар ойын ойнаған. Бұл жасөспірімдер де энергетикалық сусындарды ішіп отырып, бәс тігулері мүмкін. Энергетикалық сусындар алкогольден де қауіпті болды. Қазір 10 жасар бала да энергетикалық сусынды оңай сатып алады. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды», – деді депутат.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»