ЖАРНАМА САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ
Орал қаласының прокуратурасымен жарнама саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау нәтижесімен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
Атап айтқанда, қала аумағында 2020 жылдың және ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жарнама саласында 75 кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы 37 871 656 теңгеге айыппұл салынды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Орал қаласының сәулет және қала құрылыс бөліміне жарнама саласындағы анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жіберілетін ұсынымдар жобасы дайындалды, заңсыз практика тоқтатылды. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-бабына сәйкес профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, кәсіпкерлік субъектілеріне жарнамаларды орналастыру бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жолданбай, оларды жою туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Кәсіпкерлерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі, табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. Ал оның орнына кәсіпкерлерге бұзушылықтарды жоюға мүмкіншілік берілмей, бірден жауапкершілікке тарту үшін құжаттар мемлекеттік кірістер басқармасына жолданып отырды.
Орал қалалық прокуратурасы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу