8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2026 79 0
Тағылым

Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА: «Әйелді қоғам бағалап, сыйлау керек!»

Жылдар бойы табанды еңбек етіп, шаһарымыздың әлеуметтік-рухани дамуына өзіндік үлес қосқан жандардың бірі – Жансұлу Төремұратова. Әр жылдары экология, білім, әлеуметтік салада абыройлы еңбек еткен тәжірибелі маман, елге сыйлы жан осы мамыражай мамырда мерейлі 65 жасқа толғалы отыр.

Осыған орай, өлкедегі іскер әйелдердің көшбасшысы Жансұлу Менешқызымен  сұқбаттасқан едік.

– Жансұлу Менешқызы, әңгімемізді балалық шақтан бастасақ. Осындай тұлға болып қалыптасуыңызға кімнің тәрбиесі әсер етті?

– Мен мұғалімдер отбасынан шықтым. 1961 жылы мамыр айында Жәнібек ауданы Тайыр Жароков совхозында дүниеге келдім. Балалық шағым сол кездегі Жәнібек ауданының Орда совхозында өтті. Себебі, әкем Меңеш Сабырұлы отыз жас шамасында Орда совхозында облыстық санаторлық мектептің алғашқы директоры болып еңбек жолын жалғастырған болатын. Анам тарих пәнінің мұғалімі. Әр бала, алдымен, негізгі ұстанымы ретінде отбасының тәрбиесін алады.

– Бала күнгі арманыңыз қандай еді? Сол арманыңызға қаншалықты жақындай алдыңыз?

– Кеңес кезінде киноның рөлі мықты болды. Халық жаппай кинотеатрларға, клубтарға баратын. Барлық балалар иә актер болуды, иә ұшқыш-ғарышкер болуды армандаған сияқты. Менде киноға түссем бе деп армандайтын едім.

Білім саласын нақты таңдауыма әкем себепші болды. «Артист деген не ол?» деп бір кесті. Ол кезде әкемнің ағайыны, соғыс ардагері, мықты білімді азамат, партияның орталық комитетінде қызмет еткен, партсьездердің Мәскеуде өтетін сьездеріне тілшілік жасаған Жантикин Мұфтақ ағамыз Алматы қаласында тұратын. Сайхынға қыдырып келген сайын Мұфтақ аға: «Мына Жансұлуды Алматыға жібер, біз оқытайық. Жақсы мұғалім – ол тек мұғалім емес, ол басшы да бола алады, керек десең совхозды да басқарады» деп айтатын. Жеңгей қыздар педагогикалық институтында профессор болды.  Сөйтіп мен  Орал педагогикалық институтының жаратылыс-география факультетінің химиябиология пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түстім.

– Орал қаласының білім жүйесінде ұзақ жыл еңбек еттіңіз. Сол кездегі күрмеуі көп қиын шешімдеріңіз қандай болды?

2010 жылдың қыркүйек айында Орал қаласы білім бөліміне басшылыққа келдім. Екі ауданда білім саласын басқарған соң, әрине, біраз тәжірибе жинақтадым. Бірақ облыс орталығында халықтың жарты саны тұрады. Яғни, білім жүйесінде көтеретін жүк те ауырлау еді. Соған қарамастан,  білім саласын арттырамын деген мақсатпен талай қиындықтарды бағындырдым деп айта аламын. Мысалы: жемқорлық жаулаған балабақшаға сәбилерді орналастыру мәселесі. Алдымен, қарамағымдағы былықты тазартуға қамдандым. Оңай болған жоқ. Республикада алғашқылар қатарында болып электронды бағдарламаны іске асырдым. Сол кезде Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев еді. Айтқан сөзімді жерге тастамады. 2013 жылдың аяғында емтихандарды үздік тапсырып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша өзіммен қоса үш мұғалім болып оқуға Англия университетіне түстім. 2014-2015 жылдар аралығында оқуда болдым.

Мен бастағанда Орал қаласында білім жүйесінде бес инновациялық мектеп болса, тоғыз жылда оның санын 10-ға апардым. Қолдаушылармен қоса,колдамайтындар да табылды. № 27 жалпы орта мектепті математика бағытындағы лицейге айналдырамын дегенде бір топ:  «ойбай, мынау келіп қазақ мектебін құртып жатыр, балаларымыз қайда барады?» деп қарсы шықты. Екіншісі, №28 мектепті лицейге айналдыру мәселесі. Одан да жеңіспен шықтық. Қазір екі мектеп те мықтылардың қатарында.

– Мектеп директоры, білім бөлімінің басшысы ретінде қандай қағиданы бірінші орынға қойдыңыз?

Ұжымды басқару үшін дайындық керек, мінез керек. Алдымен, өзіме шарт қойдым. Марқұм әкемнің маған «Не істесең де, тура бол» деп айтқаны әлі күнге есімде тұр. Сол қағидамен келемін. Қара басымның пайдасы емес, қоғамға пайдам тисе деген ой көкейімде жатады.

– Керемет! Қазіргі қоғамда әйелдердің экономикалық және қоғамдық рөлі қалай өзгеріп келеді. Әйел көшбасшы қандай болуы қажет?

Көшбасшы әйел болу үшін білім мен мінез керек. Заман өзгерді: әйелдер де өзгеріс үстінде. Көбінің көзі ашық, дегенмен оқумен қатар мәдениет керек. Соңғысы жетіңкіремейді. Шағын бизнесте әйелдер саны артып келеді.  Бұл әйел затының ерге қарап отырмай өзін, отбасын асыраймын деп еңбекке араласуы. Тіпті, кей жерлерде әйел қиындықты ерден артық жеңе біледі деп айтар едім.  Сондықтан әйелді қоғам бағалап, сыйлау керек!

Міне, облыстық іскер әйелдер қауымдастығын басқарып келе жатқаныма алты жыл болып қалды.  Өз кәсіптерін жүргізіп, өлкеміздің экономикасын дамытуға үлес қосып жүрген қыз-келіншектердің басын қостық.  Енді қолымнан келгенше қасымдағы адамдарға қолдау көрсете бермекпін.

Сұқбаттың толық нұсқасын «Жайық үнінің» бүгінгі №20 санынан оқуға болады.

Сұқбаттасқан Дәметкен САҒЫНБАЕВА

 

                         Құрметті оқырман қауым!

Орал қалалық апталыққоғамдық – саяси «Жайық үні» газетіне 2026   жылдың  алдағы  алты  айына  жазылуды ұмытпаңыздар?!

 

«Қазпошта»  арқылы 6 айға – (жеке  тұлға)  – 3443, 70 т.

«Қазпошта»  арқылы 6 айға   (заңды тұлға) – 4630, 86 т.

 

«Философия Уюта + (ҚазПресса)  Чапаева 1/1 – (жеке тұлға) – 3400 т.

«Философия Уюта + (ҚазПресса)  Чапаева 1/1  (заңды тұлға) –   4600 т.

   

«Қазпоштаның» жазылу бөлімінің  телефоны:51-54-56

«Философия Уюта + (ҚазПресса)  телефоны: 25-00-89. 25-00-76.

Жазылу  индексы: 65435;  66435

Сіздерден хат-хабар күтеміз!

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Руханият
Бүгін – Халықаралық отбасы күні
15 Мамыр 2026
39 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындардың өтініші ескерілді
14 Мамыр 2026
91 0
Тағылым
Аналардың мерейін өсірді
14 Мамыр 2026
84 0
Көктемгі дала жұмыстары
Аграрлық маусым: БҚО-да 626 мың гектарға егін егіледі
13 Мамыр 2026
175 0
Қалалықтар қаперіне
Автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
13 Мамыр 2026
120 0
Құттықтаймыз!
Аналар күні құтты болсын!
10 Мамыр 2026
236 0
Қалалықтар қаперіне
Жол қозғалысы уақытша жабылады
10 Мамыр 2026
194 0
Тағылым
Батырлар рухына тағзым
09 Мамыр 2026
223 0
Тағылым
Ерлікке тағзым
09 Мамыр 2026
280 0
Без рубрики
Жеңіс күні құтты болсын!
09 Мамыр 2026
235 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»