8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2024 3293 0
Қалалықтар қаперіне

Жалған ақпарат таратқандар жазаланды

Төтенше жағдай кезінде БҚО-да жалған ақпарат таратудың 7 дерегі тіркеліп, 7 тұлға әкімшілік жауапкершілік жазасын арқалаған.


Оның ішінде жалған мәлімет тарату мен өзара жанжал туғызатын деректер және құзырлы мекеме қызметіне кедіргі келтіру фактілері бар.

Бұл туралы БҚО прокуратурасының өкілдері хабарлады. Су тасқынына байланысты құзырлы органдар шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға кеңес береді. Себебі фейк ақпарат жұртты дүрліктіріп, тасқынмен күреске кедергі келтіреді.

Сондықтан еліміздегі тасқын туралы мәліметтерді таратқан кезде оның тексерілген, шынайы екеніне көз жеткізу маңызды. Жалған мәліметті жариялаған азаматтар жіті тексеріліп, жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»