«ЖайықТазаRiver»: Тазалық әрқайсымыздан басталады
Орал қаласындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Таза Қазақстан» идеологемасы аясында «ЖайықTazaRiver» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау ісіне қоғам назарын аудару және белсенді азаматтық ұстанымды дәріптеу болды.
Экологиялық акцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев қатысып, жастармен кездесу барысында қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қолға алынып жатқан жұмыстардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Шараға өңірдің белсенді және танымал жастары қатысып, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында экологиялық бастамаларды дамыту, жастардың қоғамдағы рөлі, волонтерлік қызметті кеңейту және жасыл ойлау мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар табиғатты қорғау тек мемлекеттік деңгейдегі міндет емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі екенін ерекше атап өтті.
Акция аясында жастар Жайық өзені бойымен кеме арқылы жүзіп өтіп, жағалауларды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған нақты іс-шаралар жүзеге асырылды. Жағалау аумағында еркін форматтағы басқосу өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға қатысты өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.
БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев өз сөзінде:
«Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – жастарға «Таза Қазақстан» идеясын кеңінен түсіндіру және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Экологиялық мәдениет – ел болашағының сапасын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Осы бағыттағы жастар бастамаларын қолдау – біздің басты міндетіміз. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Өзіңнен баста» челленджі қолға алынды. Челлендждің негізгі мақсаты – табиғатты, қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздың өзімізден басталатынын түсіндіру», – деді.
Кездесу барысында жастар спикерлерге сұрақтар қойып, экологиялық волонтерлік қозғалысты дамыту, жастар жобаларын қолдау және қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша өз ұсыныстарын білдірді. «ЖайықTazaRiver» акциясы жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру

