8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Тамыз 2026 304 0
Құрылтай-2026

Жайық жұрты Құрылтай сайлауында белсенділік танытты

Батыс Қазақстан облысында Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталды. Таңдау жасау үшін таңнан сайлау учаскелеріне ағылған тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысты. Өңірдегі барлық учаскелер өз жұмысын аяқтап, енді дауыстарды санау басталды.

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, облыста дауыс беру құқығына ие 450 мыңазаматтың сайлауға қатысуы күтілді. Өңір бойынша488 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру барысының ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын 21 қоғамдық бірлестік өкілдері және тәуелсіз байқаушылар бақылады.

Сайлау күні ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың да өз таңдауын жасауына мүмкіндік берілді. Учаскелер пандустармен, тактильді жолақтармен және қажетті құралдармен жабдықталды. Қозғалысы шектеулі тұрғындар үшін облыс бойынша 55 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетті. Ал есту қабілеті төмен азаматтарға сурдоаудармашылар көмектесті.

Дауыс бергендердің қатарында өңір басшысы Нариман Төреғалиев те болды. Облыс әкімі Орал ақпараттық технологиялар колледжіндегі №521 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды реформалар жүзеге асып, дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бүгін ел тарихындағы тағы бір елеулі оқиға – жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауында таңдау жасап жатырмыз. Осындай тағдыршешті сәтте әр азаматтың дауысы маңызды», – деді Нариман Төреғалиев.

Сайлау тек дауыс берумен шектелген жоқ. Өңір аудандарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды. Ал сайлау учаскелеріндегі фотозоналар тарихи күнді естелікке айналдырған.

БҚО Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру барысында заң бұзушылықтар тіркелмеген.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
68 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
62 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
118 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
161 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»