Юра дәуірінің сайлаушылары: Оралда сайлауға динозаврлар келді
Орал қаласындағы №481 сайлау учаскесінде сайлаушылар тарихқа дейінгі ерекше сәттің куәсі болды. Юра дәуірінен келген қонақтар ежелгі кесірткелерге тән дыбыстар шығарып, сайлау учаскесіне кіріп, бюллетень алып, өз таңдауларын жасады. Алайда жұртшылықтың зор ықыласына бөленген олар учаскеден бірден шығып кете алмады. Естелікке суретке түскісі келгендердің қарасы көп болды.
№481 сайлау учаскесі қаланың қарқынды дамып келе жатқан ауданында орналасқан. Мұнда кішкентай балалары бар отбасылар көп тұрады. Сайлау күні олар да үйлерінде қалмай, ата-аналарымен бірге дауыс беруге келді. Сондықтан аниматорлардың бұл креативті идеясы көпшілік көңілінен шықты.
«Балаларға сайлауға келген қызық болады деп ойлағанбыз. Бірақ оларға соншалықты ұнайды деп күтпедік», — дейді балаларымен бірге дауыс беруге келген қала тұрғыны.
Костюмдік қойылымды ұйымдастырған жастардың айтуынша, олар сайлау учаскесіндегі ресми әрі байыпты атмосфераны аздап көңілді көрініспен әрлеуді ғана қалаған.
«Дауыс беруге тек ересектер қатыса алады. Ал балалар қайтпек? Оларға да қызықты болуы керек», — деді динозаврлардың бірі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру


