8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Тамыз 2026 328 0
Құрылтай-2026

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады

Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген.
Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, сайлау процесі жалпы алғанда тыныш жағдайда өткен.

Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген.
«Жүйелі дайындық қоғамдық байқауға бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Байқаушылар өз өкілеттіктерін түсініп, учаскелердегі ахуалды объективті түрде тіркей алды. Ерекше назар аударуды қажет ететін немесе осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ», – деді Төлеген Күнәділов.
Байқаушылар күн бойы сайлаушылардың тұрақты легін тіркеген. Коалиция өкілдері дауыс беруге жастардың белсенді қатысқанын ерекше атап өтті.
«Сайлаушылар арасында жастардың көп болғаны назар аудартады. Бұл олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылық танытып, Қазақстанның болашағын қалыптастыруға қатысуға дайын екенін көрсетеді», – деді коалиция төрағасы.
Сайлауға дейін байқаушылар бір ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Оларға сайлау заңнамасы, құқықтары мен міндеттері, дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі түсіндірілген.
Мониторинг барысында учаскелердің мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі де бағаланды. Байқаушылар пандустардың, арнайы кабиналар мен ақпараттық материалдардың болуына назар аударған.
Қазір коалиция өңірлерден түскен мәліметтерді жинақтап жатыр. Материалдар толық өңделгеннен кейін қоғамдық байқаудың қорытынды талдамалық есебі жарияланады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
68 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
62 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
118 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
161 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»