8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Желтоқсан 2021 2112 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛЕР АЛАҢДАТАДЫ – ДСМ

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова жаңажылдық мерекелер қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Ол Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалды дамытудың оптимистік сценарийі бойынша қаңтарда тәулігіне – 650, нақты – 1300, жағдай нашарласа, 3000 дерек тіркелуі мүмкін екенін айтты.

«Әр адам қауіпсіздік шаралары туралы әдеттегідей ойламаса, ұзақ демалыс пен мереке күндеріне байланысты пессимистік сценарий жүзеге асуы мүмкін. Біз не айтсақ та, қалай сақтандырсақ та, бұл – әр адамның өз қолында», – деді Есмағамбетова.

Ол қазақстандықтарды вакцина алуға және алдын алу шараларын сақтауға, соның ішінде бетперде тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, санитайзерлерді пайдалануға шақырды.

«Жаңажылдық корпоративке бармас бұрын ол соған лайық па деп ойланыңыз. Коронавирус кеткен жоқ, мутацияның жалғасып жатқанын көріп отырмыз. (…) Жалпыға ортақ міндет – пессимистік сценарийге жол бермеу. Сонымен қатар, әлемде ауырғандар саны артып келе жатқанын көріп отырмыз, ал бізде кейінгі төрт айда ауру азайып, 16 есе төмендеді. Осы жаңажылдық мерекелер бізді, дәрігерлерді, санитарлық дәрігерлерді алаңдатады», – деп толықтырды санэпидбақылау комитетінің басшысы.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/janajyildyik-merekeler-alandatadyi-dsm-331281/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
297 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
319 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
298 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
339 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»