8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қыркүйек 2021 2299 0
Өзек

ЖАҢА ТУҒАН СӘБИІН САТҚАН

БҚО полицейлері қылмыстық оқиғаны ашты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі  тергеу жүргізілуде.

19-24 қыркүйек аралығында БҚО аумағында «Стоп-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – адам саудасы, жеңгетайлық, қанау мақсатында адам ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ халықтың хабардарлығын арттыру.

Іс-шараларды өткізу кезеңінде БҚО ПД қызметкерлері 4 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтап, 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты сауда фактісі ашылғаннын атап өткен жөн. БҚО полицейлері жүргізген жұмыстың нәтижесінде 1993 жылы туған азаматшаның алдын ала мәміле жасап, жаңа туған сәбиін Бөрлі ауданының 2 тұрғынына бергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Колдексінің 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандармен сауда) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
303 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
323 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
302 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
343 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»