8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2022 2458 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАҢА БӨБЕКЖАЙ АШЫЛДЫ

🔰Зашаған кентінде 160 орындық бөбекжай жұмысын бастады. «Қала күні» мерекесімен тұспа-тұс келген бөбекжайдың ашылу салтанатына қала әкімі Миржан Сатқанов қатысып, құттықтау лебізін білдірді.
– Бүгінгі күні қаламыздағы 157 мектепке дейінгі ұйымда 18 мыңдай бүлдіршін тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылды. Зашаған кенті шаһардағы халық тығыз орналасқан аудан. Тұрғындар саны жылдан жылға артып келеді. Сондықтан әлеуметтік нысандардың салынуы маңызды. Осы істе жеке кәсіпкерлердің белсенділігі қуантады. Заманауи үлгіде жаңа балабақшаны ашуда бастамашы болған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Балабақшаның ашылуы, «Қала күні» құтты болсын, – деді қала басшысы Миржан Мұнайдарұлы.
Салтанатты шараға қатысқан ата-аналар, меймандар да өз тілектерін білдірді.
Заманауи үлгіде салынған «Аяна» балабақшасының ашылуымен тағы 160 бала мектепке дейінгі ұйыммен қамтылатын болады.
Типтік үлгідегі екі қабатты бөбекжай ғимаратының аумағы 3210 шаршы метр. Жалпы аумағы – 5850 шаршы метр. Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балалардың алаңсыз ойнап, жан-жақты қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. Медициналық бөлімі, асхана, акт залы, психолог, үйірме, ойын бөлмелері бар.
Эльмира Нұғманова.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»