8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қазан 2023 3199 0
Қоғам

«Жүзден бірінің ғана табысы миллионнан асады»


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтардың шамамен 36%-ы 150 мың мен 300 мыңға дейін табыс табады.

Он жұмысшының үшеуінің айлық табысы 300-ден 600 мыңға дейін жетеді. Әрбір бесінші адам 70 мыңнан 150 мың теңгеге дейін алады. Ал 1,5% адам одан да аз айлық алып жүр. Халықтың жүзден бірі ғана бір жарым миллион теңге жалақыға жұмыс істейді.

Еліміздің орта деңгейдегі тұрғыны 250 мыңнан сәл көп ақшаға күн көреді. Алайда соңғы есептеулер бойынша орташа жалақы 365 мың теңгеден асты.

Сенатор Мәкежанов премьер-министр Смайыловқа берген өтінішінде 365 мың  жалақы алатын адамның өзіне баспана алу қиын екенін айтты. Елімізде үйдің бір шаршы метрі орта есеппен – жарты миллион теңге. Сенатордың мәліметінше, үй алатындардың 80%-ы оны ипотекаға алады.

“Өткен жылдың өзінде тұрғын үйді жалға алу құны 30%-ға өсті. Мысалы, Алматыда бір шаршы метр тұрғын үйді жалдау құны шамамен 5 мың теңгеге тең. Яғни ауданы 40 шаршы метр пәтерді жалға алу бағасы шамамен 200 мың теңге болады. Бұл өте қымбат, сонымен қатар халықтың несиеленуіне әкеледі”, – деді депутат Сұлтанбек Мәкежанов.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»