8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2019 2461 0
Қалалықтар қаперіне

ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ОНЛАЙН РӘСІМДЕГЕН АНАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТЕДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды. Байқауға бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде жазба (пост) жазған аналар қатыса алады. 

Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар жазған постында мемлекеттік корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгілеп (Instagram желісін), #анағацифрлықжәрдем хэштегін қоюы тиіс.

Байқау жеңімпаздары 15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есімдері бір тізімге жазылып, жеңімпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмірдің түсуі арқылы таңдалады.

Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңімпаз bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендінің жөргектерін бір ай бойы алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретінде тағы бес жеңімпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтім құралдарына қосымша сертификат алады.

Айта кетерлігі, «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметі egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында іске қосылған. Жыл басынан бері алты ай ішінде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсімделген.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
274 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
251 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»