8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 1581 0
Қалалықтар қаперіне

ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛЫМЫ ТӘРТІБІНЕ ЖАҢА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

1 қаңтардан бастап жұмыс беруші әрбір қызметкері үшін жалақының 5 проценті көлемінде зейнетақы қорына қосымша төлем жасауға міндетті болады. Бұл алдында аударылып жүрген 10 проценттік зейнетақы жарналарынан бөлек.

1 қаңтардан бастап жұмыс беруші әрбір қызметкері үшін жалақының 5 проценті көлемінде зейнетақы қорына қосымша төлем жасауға міндетті болады. Бұл 10 проценттік зейнетақы жарналарынан бөлек. Ақшаны жұмыс беруші өз қалтасынан төлеуі тиіс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылайша ай сайын қорға 35 миллиард теңге шамасында ақша түсіп отырады деп болжап отыр. Мұндай өзгерістер алдымыздағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енбек. Заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған, алайда ведомство жаңашылдықты келесі жылы, яғни 2020 жылы қолданысқа енгізу туралы шешім қабылдады.

«Ортақ зейнетақы республикалық бюджет есебінен өмір бойына төленеді, оны алуға 98 жылға дейінгі еңбек өтілі бар адамдар құқылы. 80-ші жылдан бері туған адамдарға ол берілмейді, өйткені 98 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Тиісінше, қазіргі модернизациялау тұжырымдамасына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өмір бойы төленетін төлемдерін қамтамасыз ету мақсатында оны қосымша шартты-жинақтаушы компоненттермен толықтыруға шешім қабылданды», – деп түсіндірді министрліктің департамент директоры Виктория Шегай.

 

zakon.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
241 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
272 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
249 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»