8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2026 876 0
Қоғам

Зачаган кентінде тұрғындармен кездесу өтті

Бүгін, мамырдың 29-ы күні Зачаган кентінің әкімі тұрғындармен кезекті кездесу өткізіп, халықтың талап-тілектерін тыңдады. Жиын №50 жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылды.


Кездесуде кент әкімі Аққали Әубекеров сөз сөйлеп:

– 2026 жылдағы бірінші кездесуіміз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұрын әр тоқсан сайын кездесу ұйымдастыратын едік, қазір бір жылда екі кездесу. Бірі – көктемде, екіншісі – күзде. Атқарылған жұмыстарды өздеріңіз көріп, біліп жүрсіздер. 2026 жыл басталғалы бері жарықтандыру бойынша мемлекеттік сатып алу өткізілді. Көгалдандыру, шөп шабу жұмыстары басталды, – деді.

Жиын барысында тұрғындар кенттегі бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауызсу тапшылығы, балалар ойын алаңдарын салу, бұралқы иттер мәселесі мен жол салу жұмыстары сөз болды. Сонымен қатар кейбір тұрғындар бұзақы жасөспірімдердің көбейгенін айтып, қоқыс контейнерлерінің аздығын да жеткізді.

Кездесу барысында үлкендер жағы осындай ашық форматта әкімнің тұрғындармен кездесу ұйымдастырғанына алғыс білдіріп, халықпен кері байланыс орнату жұмыстарының маңызын атап өтті.

Тұрғындардың сауалдарына жауап берген кент әкімі көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетінін жеткізді.

Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Толығырақ “Жайық үні” газетінің №23 санынан оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
287 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
309 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
287 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
327 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»