8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2025 1450 0
Оқиға

Заңсыз аң аулау дерегі анықталды

Батыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулау фактісі тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.Облыстық Полиция департаментінің Табиғатты қорғау полициясы жүргізген рейдтік іс-шара барысында түнгі мезгілде Үлкен Шаған – Переметное тас жолының 15-шақырымында Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды. Көлік тізгінінде Орал қаласының 53 жастағы тұрғыны болған.Тексеру кезінде көлік салонынан екі қабанның төс еті, 7 дана оқ-дәрі, екі пышақ және бір балта табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Автокөлік айып тұрағына қойылды.Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.Полиция табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу деректеріне тосқауыл қою бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»