ӨЗ-ӨЗІҢЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ТИІМДІ
Бүгін қаладағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығы жанынан халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Цифрлық қызмет көрсету орталығы» ашылды. Мемлекеттік қызмет көрсету реестрі бойынша күні бүгінде 741 қызмет түрі болса, соның 454-і электронды түрде көрсетіледі. Бұл 454 қызметті цифрлық орталық арқылы алуға мүмкіндік бар деген сөз. Бұдан бұлай әр тұрғын электронды цифрлық қолтаңбаларын қарапайым флешкіге – 1 жылға, е-токинг флешкісіне, жеке куәлікке – 3 жылға жазып алып, қажетті құжатын өзі ала-алады.

– Жақын күндері орталыққа осы орайда арнайы үйрету тақталары қойылады. Сондай-ақ болашақта техникалық құрылғылар алынған соң адамның биометриялық деректерін сәйкестендіру арқылы қызмет көрсету енгізіледі. «Өз-өзіне қызмет көрсету» секторында тұрғындар өз бетінше қызмет алады. Мамандар тек қадағалап тұрады. Сондай-ақ қызмет алушыларды оқытатын арнайы сынып ұйымдастырылған. Мұнда қызмет түрлерін өзі алуға ниетті тұтынушылар сабақ алады. Жекелеген тұлғаларға қызмет көрсету бөлмесі де жасақталған. 454 электронды құжаттың ішінде мекенжай анықтамалары, наркологиялық, туберкулезге қарсы, жүйке аурулары орталықтарында есепте жоқтығы туралы анықтамалар электронды портал арқылы беріледі, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша пиар-менеджері Жәдігер Дәрменов.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы Болат Исақов аталмыш орталықтың сыбайлас жемқорлықтың жолын кесеріне сенімді. – Өйткені мемлекеттік қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың арасында тікелей байланыс болмайды. Екіншіден, уақытын үнемдейді. Электронды цифрлық қолтаңбасын әр адам көшіріп алып, бір мәрте қолданып үйренсе, кейін мұнда келіп жүрмей, үйінен шықпай-ақ қалаған қызметін алады. Цифрлық қызметтің мүмкіндігін бәріміз пайдалануымыз қажет. Санаулы минуттардың ішінде кез-келген анықтама ала алатындай дәрежеге жетуіміз тиіс, – дейді Болат Әлмұқанұлы. Бір байқағанымыз, қызмет алушылар орталық маманы Алма Сәлімбековадан қызмет алуға асық. Айтуларынша, қызметті тез, әрі сапалы көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі болса да, әр үстелдің арасында арбасымен зыр қағып, бәріне бірдей көмек көрсетуге асыққан қырағы маман бұл күні 25 адамға қызмет көрсетіпті. Тілдескенімізде, тұрғындардың электронды қызметті үйренуге құлшыныстары жоғары екенін білген соң, олардың уақыттарын жоғалтпай, білгенін шапшаң үйретуге тырысатынын жеткізді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Салтанат ҚАБЕКЕНОВА, қала тұрғыны:
– Жеке құжаттарымды реттеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығында жүргеніме екі күн болды. Флешкіге электронды цифрлық қолтаңбамды көшіріп алдым. Әйткенмен, күні бойы осында жүрмін. Өзімізге қызмет көрсетуді үйрететін мамандар тапшы. Алдағы уақытта үйреніп алсақ, өте тиімді болар еді.
Мөлдір БЕКЕЕВА, құжаттарды қабылдау бойынша маман
– Бізге келушілер өте-көп. Соңғы кезде жүйке ауруларын емдейтін және наркологиялық диспансерден берілетін анықтамалар біздің орталықтан беріле бастады. Екі күн ішінде 150-200 адам тек осы анықтама үшін келді. Әзірге халыққа өзіне қызмет алуды үйретіп жатырмыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу