ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ КАПИТАН
Балжан Сәрсентаева 2010 жылы Алматы қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігі академиясының құқық қорғау қызметі саласындағы жоғары оқу орнын бітірді. Бес жылдан бері БҚО Полиция Департаменті, Көші-қон қызметі басқармасының азаматтық және иммиграция тобынын инспекторы ретінде танымал. Осы аралықта Балжанның өз қызметіне адалдығын, арнайы іздеп келіп алғыс білдірушілердің көптігінен-ақ аңғаруға болады. Оны әріптестері түрлі мәселелерді шешуде қабілетті, білгір маман деп біледі.
Жақында қала тұрғыны Мәлика Исиркенқызы көші-қон полициясы қызметкерлеріне ұлына қатысты күрделі мәселені шешкендері үшін шынайы алғысын білдіре келді. Полиция майоры Әшім Әсетовке, қалалық көші-қон бөлімінің бастығы Қанат Мұқановқа, аға инспектор Динара Зейіноваға ризашылығын білдірген азаматша, әсіресе, мәселенің түйінін шешуге полиция капитаны Балжан Асылбекқызының көмегі зор болғанын атап өтті.
– Төрт жыл бойы Көші-қон қызметі мамандары маған нақты кеңестер беріп, бағыт-бағдар сілтеді. Мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал етті. Бұл сала қызметкерлерінің тынымсыз еңбектерінің алдында басымды иемін. Сондай-ақ шендері жоғарылап, арнайы наградаға ұсынылса деймін. Менің 35 жасар ұлым әрең дегенде Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Осы жылдар ішінде ұлым әбден қиналып кетіп еді, – дейді қуанған ана.
Мәселенің түйінін тарқатсақ, 2016 жылы Орал каласы Көші-қон қызметі Ішкі істер бөліміне ҚР азаматтығын анықтау туралы арызбен 1984 жылы туған азамат Асқар Ирялбеков жүгінеді. Басшы ойланбастан, істің мән-жайын анықтап, материалды қарауды полиция капитаны Балжан Сәрсентаеваға тапсырады. Материалды тексеру барысында азамат А.Ирялбековтың Ресей Федерациясының аумағында тұрғаны, сол елдің азаматтығын қабылдағаны, паспортымен құжаттандырылғаны анықталады. Бірақ материалда «Ресейдің азаматы болып табылмайды» деген анықтама болады.
– Асқардың 1992 жылдың 1 наурызында Қазақстан аумағында тұрғаны туралы мәліметтер болғандықтан, 2017 жылдың 17 қаңтарында ҚР азаматтығын анықтауды тоқтату туралы шешім қабылдадым. Ресейдің азаматтығын қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы тексеру үшін РФ Саратов облысына көші-қон федералдық басқармасына ақпарат алу үшін сұраныс хат жолдадым. ҚР Сыртқы істер министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, Орал қаласындағы генералдық консулдығына сұраныс хаттар жібердім. Бұл әрекетті ай сайын қайталап жіберіп отырдым. Анасы ай сайын келіп, баласының жұмыс жасай алмай жүргенін, үйлену керектігін айтып, көмектесуімді сұрады. Мен жауабын күтетінімізді айтумен болдым. Өткен жылдың шілде айында РФ азаматтығын қабылдамағаны туралы жауап түсті. Онда РФ паспорты қателесіп берілгені, кері қайтарылу қажеті жазылыпты. Осыдан соң дереу ҚР азаматы деп танып, жеке куәлігін заңды түрде құжаттандыруға шешім шығарып, Нысан-5 анықтамасын жолдадым, – деген Балжан Асылбекқызы мұны естіген анасының қатты қуанғанын тілмен жеткізу мүмкін еместігін айтады. Қазіргі таңда Асқар Ирялбеков жеке куәлігін қолына алып, жұмысқа орналасқан, енді отбасын құруды ойлап жүрген көрінеді. Бұл – бір ғана мысал.

Балжан Сәрсентаева жемісті қызметі үшін бірнеше рет Алғыс хатпен марапатталды. Өз ісінің білгір маманы тұрғындардың мұң-мұқтажына жанашырлықпен қарап, мәселені оңтайлы шешуге бар күш-жігерін жұмсайтын ізгі мінезді, мамандығына адал, бастаған шаруаны аяғына дейін жеткізе білетін өте жауапты қызметші. Балжан өзі қызмет атқаратын сала жұмысын жетік біледі, ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесін кейінгі буынға үнемі үйретіп отырады. Үлгілі тәртібімен, байсалды мінезімен, ұйымдастырушылық қабілетімен қызметін абыроймен атқарып келеді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу