8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2019 2294 0
Қалалықтар қаперіне

ЫҚСАНОВ КӨШЕСІНДЕ ЖӘРМЕҢКЕ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Ықсанов көшесі бойында дәстүрлі ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. 

Тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді.
Жәрмеңкеге Бәйтерек, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 96 тауарөндіруші қатысты.
Жәрмеңкеде барлығы 3 бас жылқы еті, 16 бас сиыр еті, 27 000 дана жұмыртқа, 6,3 тонна картоп, 0,3 тонна қырыққабат, 0,7 тонна сәбіз, 0,6 тонна пияз, 3,7 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері жеміс-жидектер барлығы жалпы 2,9 млн. тенгеге сатылды.  Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері әдеттегідей нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен екінін байқадық. Мәселен, сиыр еті – 1200,  жұмыртқа – 300, картоп 40-50 теңгеден сатылса, пияздың бағасы 120 теңге. Алма – 250, қызанақ – 600, қияр – 500 теңгеден сатылды. Әсіресе, базар құнынан 10-15 пайызға төмен, жаңа сойылған мал етін, картоп, пияз,  жұмыртқа кезегіне тұрғандар қарасы қалың. Сондай-ақ жәрмеңкеде сүт өнімдері де сатылуда. Қымыз, айран, қаймақ, сары май, тары-талқанға сұраныс көп. Бірнеше жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып жүрген бұл бастама біріншіден,  өңірлік тауар өндірушілердің өнімін өткізудің тиімді тәсілі болса, екіншіден, ел-жұрттың ақшасын үнемдеуге үлкен септігін тигізері сөзсіз.

 

  

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»