«Вакцина алу керек!»: аналар не дейді?
Жуырда қалалық әкімдік ғимаратының үлкен залында жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын басты себептер мен оның жұғу жолдарының алдын алу, жасөспірімдер арасында вакцина алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жиын өтті.
Қала әкімінің орынбасары Асылан Тапишев және емханалар мен мектеп директорлары, облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің өкілдері қатысқан басқосуды Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының бөлім меңгерушісі Ұлжан Қисметова жүргізді. Алдымен қала әкімінің орынбасары Асылан Тапишев аталмыш аурудың алдын алу бойынша қолға алынған шараларға тоқталды.
– Жатыр мойнының ісігі бойынша 100-ден астам елде вакцина алу қолға алынған. Дәлірек айтқанда, Орал қаласы бойынша 11 жастан асқан 2900– дан аса жасөспірім егуге жоспарланып, соның ішіндегі тек қана 371-і тіркеліп тұр екен. Бүгінде егумен қамту 12,5 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Бұл өте төмен деңгейді танытады. Жоспарланған екпеге ата – аналардың 85 пайызы қарсылық білдірген. Атап айтсақ, №22 мектепте екпе алу 53 пайызды құрайды. Ал қалған мектептерде егу көрсеткіші төмен жағдайда және баяу жүріп жатқанын аңғартады. Осыған байланысты ұстаздардар мен мектеп директорлары және сынып жетекшілері ата – анамен тығыз байланыс орнатып, вакцина алуға белсенді жұмыстану керек, -деді қала әкімінің орынбасары А. Тапишев.
Бұдан соң облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Асылжан Қуанышқалиева аталмыш вирусқа халықтың сенімділігін арттыру және оның қауіпсіздігіне орай қолданатын шаралар жөнінде баяндады. – Қайырлы күн жиынға қатысушылар! Өздеріңізге мәлім болғандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы екпе басталып, жұмыс жалғасып жатыр. Облыста 2500– ға жуық 11 жастан алты ай асқан қыз балалар екпе алды. Бірақ та әлі күнге дейін вакцина жұмысын белсенді жалғастыру ауқымды ісі күтіп тұр. Сондықтан сіздерден,мектеп директорларына ұсынысым – ведомство аралық ынтымақтастықтың күшейгенін өтініп сұраймын? Сондай–ақ, денсаулық сақтау мен білім саласы, қоғамдық даму басқармасынан да қолдау күтеміз. Бұл екпе әлем бойынша 2006 жылдан басталды. Біздің елімізде ағымдағы жылы ғана күшіне енді. Бұл дерт бойынша нақты шешім қабылдап, бірлесіп жұмыс жасау қажеттігі туындап отыр. Басты мақсат – ауруды туғызатын қоздырғыштар туралы түсінік берілді. Вакцина жүргізу міндетті. Өйткені, оның таралуы мен өлім деңгейі жоғары. Күн сайын осы аурудан бес адам қайтыс болады. Және 1999 жылдан бері тудыратын қоздырғыштың анықталғаны мәлім. Бұл ауру 25- 44 жастағы әйелдердің арасында жиі кездесіп тұр. Әсіресе, мойын, бас, жұтқыншақта пайда болады, -деді Асылжан Серікқызы.
Басқосуда сөз сөйлеген облыстық онкология диспансерінің емхана бөлімінің меңгерушісі Құл –Мұхамед Әбдуғалиев жатыр мойны ісігінің таралуы, емі және алдын алу жұмыстары жайында тарқатып айтты. – Жатыр мойны ісігі – бұл әйеладамдардың жатыр мойнының қатерлі ісігі. Мұның жағдайының барлығы дерлік АПВ инфекциясынан туындайды. Оның дамуына осы инфекцияны жұқтыру ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Жыл сайын осы кеселдің салдарынан 600-ге жуық әйел көз жұмады. Елімізде осы аурудың барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі таралған обырдың екінші түрі болып есептеледі. Статистикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстанда жатыр мойны обыры қатерлі ісіктің арасында сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Соңғы жиырма жылда жатыр мойны ісігінің26 пайызға көбейгені анықталып отыр. Олардың 14 түрі онкологияның дамуының жоғарғы қаупіне ие. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, 10 әйел мен бір ер адамның шамамен сезігі 25жасқа дейін беріледі. Ауру ылғалды жерде тез тарайды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда, сауна, монша, спорт залда, бассейнде жұғуы мүмкін. Тікелей жолмен жұғу кезінде анадан сәбиге, оның жолдарымен өту кезінде берілуі мүмкін. Өзіне өзі жұқтыру жолы-қырыну, эпиляция кезінде дененің екінші бөлігінежиі ауысады. Бір сөзбен айтқанда, үстіміздегі жылы 11 жастан астан қыз балаларға екпе егу арнайы қаулыға сәйкес ата –анасының рұқсатымен салынуда. Дегенмен де екпе салуда одан әрі белсендірек болып, ұйымшылдық танытайық,– деді Құл – Мұхамед Әддуғалиев.
Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Ғұбайдуллина жатыр мойны ісігінің алдын алу шарасы бойынша жұмыстың сылбыр жүріп жатқанын айтып, барлық ұстаздар қауымы мен ата – аналардың белсенділік танытуына өтініш білдіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру