8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2023 2286 0
Қалалықтар қаперіне

Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір…

 

Көктем келіп, айнала өзгеше сұлуланып, жер беті көк кілемге жабылғанда елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі тойланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік басқармасының ұжымында қазақ, орыс, татар, әзірбайжан, грек, қырғыз, украин, өзбек, ұйғыр, тәжік, неміс және беларус секілді 12-ге жуық ұлт өкілдері қызмет атқарып келеді.

 

Евгений Торорощенко, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының қызмет бастығы подполковнигі, ұлты украин:  – Бұл мерекенің елімізде пайда болуы  – достықтың, ауызбіршіліктің нығайуына берер әсері мол деп білемін. Менің ұлтым украин болғанымен, менің жолдасым қазақ қызы. Ол да Ұлттық ұлан қатарында 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарып зейнетке шыққан жан. Қазіргі таңда Дайана, Данели, Артур есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отырмыз. Өзім Ұлттық ұлан әскер қатарында 22 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келемін. Өзімнің туып өскен Отаныма пайдамды тигізіп, елімнің  тағдырына жауапты болу – менің басты парызым.

Барша қазақстандықтарды мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріңізге жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін.

Өз тілшіміз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»