«Тіл – тұтастық туы»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Тіл – тұтастық туы» атты тілдер фестивалі өтті. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткен шарада тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен», БҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Биылдан бастап ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, тіл мерекесі – 5 қыркүекте аталып өтілмек. Мұның өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Шарада облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов енді барша қазақстандықтардың қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын қуанышпен хабарлап, халықты айтулы мерекемен құттықтады.


– Тіл – әр ұлттың, әр мемлекеттің биік тұғыры. Сондықтан мұндай мерекелік шаралардың өтуі – идеологиялық тұрғыда ел еңсесін көтерері сөзсіз. Конституциямыздың 7-бабы 1-тармағында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» екені тайға таңба басқандай жазылған. Бүгінде батысқазақстандықтардың 85 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Олардың 10 пайызы өзге ұлт өкілдері. Бұл көрсеткішпен шектелуге болмайды. Әлі де тілді дамытуда іргелі жұмыстар атқарылуы тиіс. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Осы жерде тұрып жатқан 130-дай ұлт өкілін тарих біріктірді. Сол себепті өзге ұлттардың тіліне де құрметпен қарауымыз керек. Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде әр ұлттың өз тілін меңгеріп, дамытуына барлық жағдайлар жасалған. Бұл да қазақ елінің мақтанышы. Қазір үштілділік саясаты – мектеп, балабақша бағдараламасына енгізілуде. Бұл халықтың заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Яғни, қазақ тілін ғана білу – қазақ елінің шекарасымен шектеледі. Орыс тілін қосымша білу – тағы 150 миллионнан астам халықпен тілдесуге, әлемнің жартысы сөйлейтін ағылшын тілін үйрену сол елдердің халқымен сөйлесіп, ғылымын, білімін еркін үйренуге мүмкіндік береді. Сондықтан жастарды көп тілді үйренуге шақырамыз, – деген Ғабидолла Абдоллаұлы лебізін үш тілде жеткізіп, бұдан әрі тіл жанашырларына марапаттарды табыс етті. Ақын, жұбантанушы, өңірдегі бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға ат салысып жүрген Ү.Елеубаева мен Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева ҚР мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталса, өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға сүбелі үлес қосқандары үшін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ұстаздары, филология ғылымдарының докторлары Ғ.Хасанов, Қ.Аронов, Бөрлі, Шыңғырлау, Зеленов аудандарынан В.Пермитина, Ө.Бекениязов, А.Фоменко облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ әр саладағы тілдік дамуға өз үлестерін қосқан белсенді азаматтар мен мекемелерге арнаулы аталымдар берілді.

Айтулы шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты О.Жәлел, EDTECH.KZ Халықаралық білім орталығының бас директоры, PhD докторы Ғ.Бисенбаев қатысты. Олар 6-8 қыркүек күні жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, орал қаласының әскери бөлімінде ұлтық құндылықтар мен салт-дәстүрлер, ұрпақ тәрбиесі туралы ақпараттық дәрістер өткізбек. Сондай-ақ құрметті меймандар қатарында Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері, этно-мәдени орталықтарының жетекшілері болды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу