22 Сәуір 2022 1993 0
Қоғам«ТЕҢ ҚОҒАМДАҒЫ» РУХАНИ КЕШ
22 сәуір күні «Қасиетті рамазан» акциясы аясында «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық шарасы өтті.
Мейірімділікке, жанашырлыққа, жетім-жесір, жоқ-жітікке қолұшын беріп, демеу болуға шақыратын ұлық айдағы игі іске ұйытқы болған «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының төрағасы Есімжан Доспаев жиналғандарды Рамазан айымен құттықтап, қордың жұмысымен таныстырды.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының» КММ директоры Абзал Молдағалиев орталық жұмысын тарқата айтып, игі бастамаға алғысын жеткізді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілін көтеріп, халқымыз қастерлеп үкі таққан домбырамен асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаздар да көпшіліктің көңілінен шықты.
Мұхаммед-Ғарип Тұлбаев мешітінің наиб имамы Бағдат Жақаев қасиетті айда ораза ұстаған жан өзін тек қана ішіп-жемнен тыю емес, оған қоса қайырымдылық жасаумен, қосымша ғибадаттармен, құлшылықтармен, жақсылық жасаумен айналысу керек деп, соңғы онкүндіктің қасиеті мен Қадір түні туралы уағыз айтты.
Шара барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеті таратылып, 1 топ мүгедегі Жәдігер Баймұханов пен Зинат Есенгелдиналар ризашылығын жасырмай, аналық алғысын айтып, батасын берді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
30 Қазан 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
30 Қазан 2026
190 0
Конституция
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
29 Қазан 2026
197 0
Құттықтаймыз!
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
28 Қазан 2026
243 0
Toqaev2026
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
28 Қазан 2026
249 0
Toqaev2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
28 Қазан 2026
249 0
Toqaev2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
27 Қазан 2026
265 0
Toqaev2026
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
26 Қазан 2026
307 0
Өңір жаңалықтары
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
25 Қазан 2026
330 0
Өңір жаңалықтары
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
25 Қазан 2026
311 0
Жол / Құрылыс
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
24 Қазан 2026
304 0
Өңір жаңалықтары
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
24 Қазан 2026
315 0
Toqaev2026
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
23 Қазан 2026
325 0
Жол / Құрылыс
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
23 Қазан 2026
334 0
Toqaev2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
23 Қазан 2026
327 0
Toqaev2026
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
23 Қазан 2026
314 0
Toqaev2026
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
22 Қазан 2026
307 0

Кіру



Пікір үстеу